Сұлулық

Сұлу бұрымға қол жеткізудің 5 құпиясы

Шашыңыз көз тартарлықтай көркем болғанын қалайсыз ба? Бұрымыңызға өзгелер мойын бұрып қарасын десеңіз, мына жаңа әдіс-тәсілдерге назар аударыңыз.

625Қаралымдар

Егер бұрынырақ салондарға шашты сәндету, қидыру, бұйралату немесе бояту үшін баратын болсақ, осы күні шаштараз мамандардың біз біле бермейтін көптеген жаңа қызмет түрлері пайда болыпты. Олай болса «Сырласу» журналы шаштың әдемі әрі сау болуы үшін не істеу керектігі жөнінде сыр шертеді.

Салондағы және үйдегі шаш күтімінің 5 әдісі

Қысқартқанда немесе бояғанда шашыңыздың тек сырт келбетін жақсартып қана қоймай, оны іштей нығайтуға да болатынын білесз бе?

1. Қысқарту

Соңғы уақытта шашын ыстық қайшымен қидырғысы келетіндер саны артып барады. Қызметтің бұл түрі қымбаттау болғанымен, шашыңызды жандандырып, ұштанған шаштардан құтылуға көмектеседі. Жылудың әсері керотинді қабыршақты қоректендіріп, шашыңызды тегіс әрі жылтыр ете түседі. Бірақ, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін шаштаразға 2-3 рет баруыңыз қажет. Ә дегеннен бәрі жақсы бола қоймайды. Сондықтан үй жағдайында да әрдайым шаш күтіміне көңіл бөле жүріңіз.

Үй тапсырмасы: Кейде шашымыз дұрыс қиылмай қалса «қашан өсер екен» деп асығатын жағдайға тап болатымыз бар. Мұндайда шаштың өсуіне көмектесетін концентраттарға жүгінген жөн. Әдетте олар құрамына протеин, дәрумендер мен минералды заттар және өсімдіктер сығындысы қосылған ампула түрінде жүреді. Соя бұршағының сығындысы негізінде жасалған сарысудың да пайдасы зор. Сізге көмекке келетін және бір құралдар бас терісіндегі коллагендерге әсер етіп, шаштың өсуін жылдамтатын аминексил молекуласынан тұрады. Жалпы алғанда бұрымыңыздың түбін нығайтып, тез өсуіне көмектесетін өнімдер осы саламен арнайы айналысатын танымал маркаларда жеткілікті. Ондай өнімдерді бір маркадағы сусабынмен бірге қолданған жөн. 2-3 апта өткен соң нәтижесін аңғара бастайсыз.

2. Бояу

Біркелкі бояумен қазіргі таңда ешкімді таңдандыра алмайсың. Стилисттер сан қырлы құйылымды және әр түрлі күн іспеттес реңдерді ең стильді бейне деп біледі. «Шатуш» техникасына назар аударайық. Бояғышты жақпас бұрын шашты мұқият тарап алу керек. Бұл шаш ұшындағы ашық түстің, байыпты түрде түбіне қарай қою түске боялуына әсер етеді. Сolor brush деп аталатын бояудың бұл түрі ғажайып рең береді. Бұрымыңыздың әр бөлігі брашингтің көмегімен негізгі түстен біршама ашық болады, көрер көзге кәдімгідей көлем беріп, үшжақты әсер қалдырады. Екі жағдайда да нәтиже бір, шынайы көрінеді.

Жағымды өзгерісті бояулардың құрамынан да көруге болады. Егер заманға сай зиянды аммияктардан бөлек, ылғалдандыратын сығындыларды, май, амин қышқылдары секілді өнімді пайдаланып, тіпті қара шаштан сары шашқа түбегейлі өзгеруді еш ауырлықсыз жүзеге асыруға болады. Пайдалы қоспалар шашқа ашық реңк беру кезінде ылғалды жоғалтпай, шаштың құрылымын сақтайды. Нәтижесінде бұрымыңыз жібектей жылтырап, арманыңыздағыдай түске енеді.

Үй тапсырмасы. Шаштың қанық, ашық түсін сақтау үшін және шашты химиядан соң қалпына келтіру үшін боялған шашқа арналған заттарды пайдаланған абзал. Олар шашты жылтырататын, ылғалдандыратын, қалпына келтіретін бекіту әсері бар компоненттерден тұрады. Боялған шаштың ойдағыдай күтіміне қол жеткіземін десеніз, аптасына бір рет міндетті түрде маска қолданыңыз. Сусабын мен кондиционерді басыңыздың майлылығына қарай пайдаланыңыз.

3. Бұйралау

Қазіргі күні шаш бұйралаудың тиогликолды қышқыл қосылмаған биологиялық жолы көп қолданылады. Мұндай өнімдер амин қышқылынан өндірілген цистеаминнің көмегімен жұмыс істейді. Цистеамин ішке ене отырып шаш құрылысын біртіндеп өзгертеді. Биобұйралау 4-8 айға дейін шыдайды. Кейін бұрымыңыз ақырындап әдепкі қалпына келе бастайды.

Үй тапсырмасы. Стилисттер биобұйралаудың шаш сәндеу емес, тек оның негізі ғана екенін ескертеді. Сол себепті де стайлингке жүгінуге тура келеді. Мұндайда шаш толқындарын айқындай түсетін және беріктігін сақтайтын арнайы құралдар – сарысулар, стайнинг-кремдер мен мусстар жақсы көмектеседі.

4. Түзулеу (тегістеу)

Соңғы жылдардың басты жаңалығы – шашты кератинді түзулеу әдісі. Оны бразилиялық тәсіл деп те атайды. Бұл әдісті пайдалану жолдары мынадай: әдетте сынғыш шаштардың іші кеуек, қуысты келеді. Егер осы қуыстарды кератин ақуызымен (біздің шашымыз осы заттан тұрады) толтырса, шашыңыз көп күш-жігерді қажет етпей-ақ тегістеліп, төгіліп шыға келеді. Шаш тегістеудің бұл тәсілі көп уақытыңызды да алмайды. Ол үшін таза бұрымға жақпаны жағып, әр бөлікті шашқа арналған ыстық үтікпен үтіктейді. Көз алдыңызда түзеле қалған шашыңыз бұл кейпін кемінде 4 ай сақтайды. Түзуленген шашқа арнайы күтім де қажет емес. Десе де, мамандар құрамында натрий лауретсульфаты жоқ су сабынды қолданған дұрыс екенін ескертеді. Сонда бұрымыңыз тегіс те жылтыр, жібектей қалпын ұзақ сақтайды.

Үй тапсырмасы. Түзулеу салдарынан шашыңыздың көлемі жоғалатын жағдайлар кездеседі. Мұндайда жаңа заманның стайлингтік өнімдері көмекке келеді. Олар шашыңыздың кутикулярлық қабатын тегістеп, нығайта түседі, көлемін ұлғайтады. Егер сіз шаш түзулейтін үтікті жиі қолдансаңыз, сенімді термоқорғаныш туралы ұмытпаңыз.

5. Кератин – ерекше күтім

Кератин – шаш құрылымының ең маңызды элементі. Жастың ұлғаюынан туындайтын регенерацияның нашарлау үдерісі сыртқы факторлардың жағымсыз әсерімен байланысып, кератиннің молекулалары жинақталуы салдарынан, шаш жұқарып, сынғыш келе бастайды. Егер кератиннің жетіспеушілігіне сырттай көмек көрсетсек, онда жас ұлғаюынан болатын өзгеріске тосқауыл қоюға болады. Бұған шаштың керапластикалық ем-шарасы көмектеседі. Себебі керапластика кезінде адамдыкіне сәйкестендірілген таза кератин түзетін, жоғары концентрленген ампулалар пайдаланылады. Олар шаштың түбіне тереңінен сіңіп, құрамы зақымдалған жерлерін тірілтіп, молекулярлық байланысын қалпына келтіріп, жандандырады және қалыңдатады. Соңынан шаштың жоғарғы қабатына әсер ететін, икемділігінің артуына жауап беретін, жылтырататын, түзететін кератині бар маска жағылады.

Үй тапсырмасы. Кератині бар өнім салондағы күтімге қосымша көмектеседі және зақымданған шашты қалпына келтіреді. Сусабындар мен маскалардың құрамында формальдегид болмауын қадағалаңыз. Себебі, бұрындары олар кератин молекулаларын сақтап тұру үшін жиі пайдаланылатын, ал қазіргі таңда жаңа, зиянсыз консерванттар пайда болды. Шашты жақсы қорғайтын, жандандыратын әсері бар заттар пептидтер, Е дәрумені көп заттар және алма сығындылары, көгілдір лотостар. Естеріңізде болсын, шаш та тері секілді ультрафиолеттен тіпті қыстың өзінде де сапалы қорғанысты қажет етеді.

Шашты бояған соң нейтралды әсері бар pH жұмсақ заттарды пайдаланған жөн, олар пигментті шайып тастамай, реңді ұзақ сақтайды.

Жаңа ережелер

Шашқа күтім жүйесі үлкен өзгеріске ұшырады. Солардың жаңа 3 тәсілі шашыңыздың тез арада қалпына келуіне септігін тигізеді.

  1. Маска мен кондиционер бір-бірін алмастыра алмайды. Біріншісі қоректік жұмыс істесе, екіншісі түбіріне күтім жасап, кератин қабыршығының бітіп кетуіне ықпал етеді. Егер масканы артынан кондиционер пайдаланбай жуып тастасаңыз, шашыңыз қаншалықты ішінен ылғалданып, нәрленгенімен, бәрібір қатайып көмескіленіп кетеді. Сондықтан терең ішкі күтімнен кейін, сырттай шаштың үстіне жасалатын күтімге уақыт бөлуге ерінбеңіз.

  2. Әр мерзімге әр түрлі күтім. Күндіз кондиционерлер мен UV-фильтрлі стайл-бальзамдар тиімді болса, кешке арнайы түнгі маскалар мен сарысулардың қарқынды көмегіне жүгінген дұрыс. Таң атқанда тіпті әлсіз бұрымдардың өзі жылтырап, көлемденіп, қатайып шыға келеді.

  3. Пайдалы заттардың бірі – Стайлинг. Заманауи шаш жөндеуіштің құрамында ылғалдандыратын сығындылар, аминоқышқылдар, ағуыздар, дәрумендер, антиоксиданттар және UV-фильтрлар бар.