TrendСәнСтилист кеңесі

СӘНДІ ЖАҢҒЫРУ

Сән әлемі уақыт сайын жаңаруда. Оның бір бөлігі — күннен қорғайтын көзілдіріктер. Олар алғаш ХХ ғасырдың басында сәнді аксессуар қатарына еніп, бүгінде заманауи бояумен қайта жаңғыруда. Сіз де бұл сәннен қалыс қалмаңыз.

790Қаралымдар

 

 

Вероника Булгакова-Гудзь,

«Сырласу» журналының стилист

insta: veronika_bulgakova_gudz

 

ХХ ғасырдың 90-шы жыл­да­рындағы кө­зіл­ді­рік­тер қай­тадан та­ны­мал­дықтың шыңына шық­ты. Яғни, жіңіш­ке, ға­рыш­тық бейнедегі ша­ғын көзілдіріктер қайта орал­ды.

Кез-келген трендте оның бөлшектеріне ек­пін бе­рі­ле­ді. Мысалы, 90-шы жыл­дар­дағы қара жи­ек­ті кө­зіл­ді­рік­тер фан­тас­ти­ка­лық фильм ке­йіп­кер­ле­рін ес­ке түсіретін. Қазір де жіңіш­ке болғанымен, жиектері қызыл, сары, жа­сыл түсті, сондай-ақ, ою-өрнекті немесе мөл­дір болып келеді.
Gucci, Balenciaga және Prada сияқты танымал сән үйлерінің көрсетілімдерінде аксессуарлардың фу­ту­рис­тік бағыты басты назарға алын­ды. Тіпті соңғы жылдары мысық көзілдіріктер ай­тар­лық­тай танымал бо­лып, сән әлеміне өз үс­тем­ді­гін жү­ргіз­ді.


Бұл көзілдіріктер негізінен спорттық трендке жатады. Ол қазіргі OVERSIZE худиі, кө­­­лемді кроссовкалар жә­не белбеу сөмкелермен жақ­­сы үйлеседі. Оған қа­ра­мас­­тан, бұл аксессуарларды кез келген стильдегі киім­дер­мен кию­ге болады. Романтикалық гүлді көй­лек­тер, асимметриялы бел­дем­­ше­лер, шолақ шалбар жә­­не рюкзактармен тақса көз­­тар­­тар­лық бейне тудыратыны анық.
Бұл аксессуарды бет пі­ші­ні­не қарай таңдаудың қажеті жоқ. Бірақ оның беттен сырт­­қа шығып тұратын ені­не мән беру керек.


Көзілдіріктердің тікелей тиім­­ді­­лі­гін, яғни көзді күн сәу­ле­сі­нен қорғауы жайында ай­­тар болсақ, олар көзді күн­­нен жақсы қорғамайды. Есесіне бұл маусымның ең сәнді аксессуарын тақ­­саңыз міндетті түрде көп­шіліктің көзайымына айналасыз.