TrendСәнСтилист кеңесі

СӘНДІ ШҰЛЫҚ: стилист кеңесі

Cәндегі соңғы үлгімен киіну үшін қымбат дүниенің қажеті жоқ. Қарапайым шұлықтың өзін жазғы аяқ киіммен үйлестіре білсеңіз болғаны. Ол үшін стилистің кеңесіне жүгініңіз.

1.01K (1000)Қаралымдар

Вероника Булгакова-Гудзь,

«Сырласу» журналының стилист

insta: veronika_bulgakova_gudz

 

 

Биылғы жылдың ерекше тренді – шұлықтар. Осыдан 10 жыл бұрын бұл стиль дөрекі көрінген болатын. Ал қазіргі must have!

Сондықтан назарларыңызға сәнге айналған жазғы аяқ киімдер мен шұлықтарды ұсынамыз. Сән әлемі қандай тосын сый жасайтынын білмейміз, оған мысал: шұлықты басы ашық аяқ киіммен кию. Тіпті шұлықпен туфли кию үлгісі шыққанда да көптеген керітартпа сөздер болды.

Бірақ жаңа стиль сән әлемінде өз бағасын ала алды. Әлемдік сәнқой бикештер биік өкшелі аяқ киімдерді шұлықпен киюді сәнге айналдыра салысымен, түрлі сәнді шұлықтар да шыға бастады. Әдетте мұндай шұлықтар жұқа немесе өзгеше материалдан жасалған әрі түрлі-түсті бейнелермен сәнделеді. Мысалы: торлы, шілтер, люрексті, жібек немесе жылтыр мата болуы мүмкін.


Ең бастысы, шұлық жұп-жұқа, ашық болмағаны жөн. Жұқа немесе капрон шұлықтан бақайлар көрініп тұрса, сұлу бейнеңізге сән бермесі анық. Аса жұқа шұлықтарды жабық аяқ киімдермен киген дұрыс. Туфлимен, басы ашық жаздық аяқ киіммен киетін шұлықтар әртүрлі стильде болады: классикалықтан спорттық түрге дейін.
Шұлықтарды сәнді етіп, қалай киюге болады? Киген киімге немесе аксессуарларға шұлықтың да түсін сәйкестендіруге кеңес беремін. Сонымен қатар, сандал аяқ киіммен спорттық шұлықты және қарапайым белдемшені кисе жарасады. Романтикалық стильдегі жұқа фата белдемше мен жұқа, ашық шұлықты үйлестіріп кисеңіз де әдемі көрінеді.