ДенсаулықСаулық үшін

Сұлулық пен жастық шақтың кілті неде?

Шашыңыз бен тырнағыңыз әлсіз, теріңіз құрғақ әрі әжімге бейім ба? Ол аз болғандай қит етсе безеу шығып есіңізді кетіретін шығар? Босанғаннан кейін теріңіз қатты созылып, қайта орнына келуі қиындады ма?! Бұл проблемалардың барлығын ағзаңыздан іздеңіз! Басты себеп – мырыш жеткіліксіздігі. Ендеше, қыз-келіншектің ағзасына орасан зор пайдасы бар мырыш туралы бірге оқып білейік.

765Қаралымдар

Кез келген бикеш үшін жас әрі тартымды болып қалу аса маңызды. Себебі сұлу мүсін мен кіршіксіз таза тері сенімділік сыйлайды. Олай болса үнемі жас көрініп, белсенді өмір сүрудің өзіндік сыры бар. Ол үшін бар жоғы минералдарға, әсіресе мырышқа бай пайдалы тағамдарды тұтынсаңыз жеткілікті.

Пайдасы мол – мырыш

Әйелдің ағзасы дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігін тез сезеді. Оған қоса қыз-келіншектердің терісі ерлерге қарағанда жұқа әрі сезімтал болғандықтан, оны зақымдап алу да өте оңай.

Сондай-ақ, құрғақтық пен тітіркенгіштік, қабыршықтану мен қызару, безеулер, қара дақтар мен әжімдер – терінің ішкі және сыртқы әсерлерге деген теріс көрінісі.

Тері дәл айна іспеттес ағзаның ішкі күйінен сыр беріп тұрады, сондықтан оны іштей емдеуге кеңес беріледі. Ол мұқият күтімге зәру.

Мырыш – денсаулық, бет терісі мен оның сұлулығы үшін қажет элементтердің бірі. Ол ағзада маңызды рөл атқарады. Аталған элемент  жасушалардың өсуі мен бөлінуін ынталандырады, сондай-ақ тіндердің регенерациясына ықпал етеді және ағзаның репродуктивті функциясын қолдайды.

Иммундық жүйенің жұмысы да мырышқа тікелей байланысты.

Терінің сұлулығы мен сыртқы көрінісі үшін мырыш дерманың ең маңызды құрылыс элементтерінің бірі болып табылатын коллаген талшықтарының синтезіне қатысады және оның серпімділігі үшін жауап береді, жасушалық регенерация процесін тездетеді. Демек, қалпына келу және жаңару кезеңі жеделдейді.

 Мырыш жетіспеушілігінің белгілері қандай?

Мырыш жасушалардың өмір сүруін ынталандыруға қабілетті. Мысалы, ол  қатысатын ақуыздардың синтезі шаш пен тырнақтардың өсуі үшін маңызды рөл атқарады.

Мырыш жеткіліксіз болған жағдайда шаштың түсуі сияқты кемшіліктер пайда болуы мүмкін. Осылайша, құрамында аталған элемент бар препараттар шаштың түсуіне және оның сыртқы көрінісінің нашарлауына жол бермейді. Регенерацияға әсер ететін май қышқылдарын өңдеуге белсенді қатысуы арқасында мырыш терінің күйін жақсартады.

Мырыштың атқаратын қызметі қандай?

Мырыш гормоналды тепе-теңдікті реттеуге қатыса отырып, безеудің пайда болуына жол бермейді. Сондай-ақ, бұл микроэлементтер бос радикалдардың пайда болуын тежейді және коллаген талшықтарын сақтауға көмектеседі.

Ағзада мырыштың жеткілікті мөлшерде болуы әжімдердің, тері созылуларының, құрғақтықтың және тітіркенудің пайда болуынан қорғайды.

Аруларға қажет элемент

Мырыштың косметикалық қасиеттері ежелден белгілі. Мәселен, көптеген косметикалық брендтер үгітілген маржан опа мен өзге де косметиканы дайындау үшін құрамына осы микроэлементті пайдаланады.

Ал, табиғи түрде мырыш ешкі сүтінде көп. Сол себепті болса керек ежелгі мысыр ханшайымы Клеопатра ешкі сүтіне шомылған. Десе де бүгін сүтке шомылудың қажеті шамалы. Себебі нарықта түрлі биологиялық белсенді қоспалар көп. Дәрігерлер мен косметолог мамандар құрамында мырышы бар дәрілерді қосымша қабылдауға кеңес береді.

Мырыш теріге бірден әсер ете бастайды. Қоспаны қабылдау курсы әдетте 1 айды құрайды, содан кейін сіз нәтижені байқай бастайсыз.

Бет терісі тегістеніп, тітіркенгіштік азаяды, кішігірім жаралар жазылады. Сондай-ақ, безеулердің шығуы да сирейді. Шаш пен тырнақ нығаяды, олардың құрғауы мен сынғыштығы төмендейді.

Осы орайда денсаулықты нығайтып, ағзада мырыштың көлемін көбейту үшін Цинкитті тұтынуға кеңес береміз. Цинкит – еритін таблеткалар түріндегі мырыштың қосымша көзі. Цинкиттің бір таблеткасында 10 мг мырыш бар және ол ұсынылған күнделікті қажеттіліктің 66% -ын қамтамасыз етеді. Күніне тек 1 таблетканы қабылдау керек. Айта кету керек, цинкит Германияда өндіріледі.