Без рубрикиМакияжСұлулық

Той макияжы Санди Бексырғамен бірге!

Әр қыз баласы өміріндегі ең маңызды күні – ақ көйлек киіп, қалыңдық болған сәтін балалық шағынан бастап армандайтыны анық. Бұл күнде келіп жетті делік. Ақ көйлекпен бірге қалыңдық макияжы үйлесім табуы тиіс емес пе? Олай болса той макияжы қандай болуы тиіс. Сұлулық әлемінде 2017-2018 жылдары қандай бояу трендтері бар. Той макияжының қалыпты макияждан айырмашылы қандай деген сауалдарға осы саланың үздігі, make-up ханшайымы Санди Бексырға жауап береді.

1.31K (1000)Қаралымдар

Той макияжының қалыпты боянудан айырмашылығы неде?

Той макияжы нәзіктеу болып келеді. Сондықтан қыздар алдын ала келіп, сынақ макияжын жасатып көргені дұрыс. Көйлегі мен желегінің түсіне сәйкесуі, шаш үлгісінің қандай болатындығы секілді әрекеттер қалыңдық макияжында ескерілуі тиіс. Көзді, ерінді жарқын түстермен бояуға болмайды. Барлығы жылы реңдермен боялғаны жөн. Бұл бояндырудың түрі күрделі болып табылады. Себебі алқым, мойын, қол, құлақ, бет секілді мүшелермен де визажист жұмыс жасайды. Сондықтан бояндырудың бұл түрі басқасынан қымбаттау.

Той макияжының түрлері 

Қалыңдықты бояндырудың екі түрі бар. Бірі – араб стилінде. Оны Дубайда көп жасатады. Онда көзге айрықша акцент қойып, қара сүрмемен сызып, мұрынды сүйріктей етіп жасайды. Екінші макияж түрі – нәзік стильде. Біздің қалыңдықтар көбіне дәл осы түрін дұрыс санайды.

2018 жылғы той макияжындағы трендтер

2018 жылғы той макияжының басты тренді – бет терісінің мінсіз күтімі болып табылады. Егер бетіңіз безеулерден таза, күтімді, ылғалды, нәрлі болса – макияж да мінсіз жағылады. Оның үстіне күтімді теріге аса көп қабатты, баттасқан макияж да жасалынбайды. Ал мінсіз әсерді қалай береміз?  Т аумағы (маңдай мен мұрын үсті) мен жақ, иек, ерін үстінің жарқырап тұруы ескерілуі тиіс. Ол үшін арнайы хайлайтерлер пайдаланылады.

Стробинг

Той макияжының тағы бір тренді – стробинг. Нақтырақ айтсақ – бетке контур жасалынбайды. Оның орнына бояуды сіңіре жағып, жарқырау әсерін беру. Яғни, балғындық беретін fashion make-up. Стробингті көбіне Голливуд жұлдыздары көп қолданады. Арнаулы хайлайтермен жасалынатын стробинг бетке күнде косметологқа барып жүргендей жылтырлық пен мінсіздік сыйлайды.

Декоративті косметинаның қайсысын той макияжына пайдалануға болады?

Той макияжына ашық түстерді емес, пастель реңдерді  пайдаланған дұрыс. Шабдалы түстес, ашық қоңыр, ашық сұр түстер әдемі жарасатын болады. Айтулы реңктер нәзіктік сыйлайды. Есіңізде болсын, өміріңізді басты күніндегі макияжыңызға жасыл мен көк түсті жақындатуға болмайды. Айтулы түстер қанық, әрі макияжыңызға дөрекілік береді.

Шаш пен бояну мақамының сәйкестігі

Анығында шаш пен макияж ғана емес, жалпы стиліңізге көйлектің де үндескені жөн. Мысалы жабық көйлек үшін біз шашты жоғары көтереміз. Сонда мойын әдемі көрінеді. Көйлектің арты ашық болса, сақиналы бұйралар жасаймыз. Негізінде келінді бояндырғанда визажист пен стилистің қатар жұмыс жасаған дұрыс. Екі маман мен қалыңдықтың өзінің қалауын ескере отырып, той әлемінің жаңа ханшайымын жасап шығуға болады.