ДенсаулықСаулық үшін

Тынышы қашқан түн

Қорыл көп жандарды мазалайды. Кейбір мәліметке қарағанда жер бетіндегі адамдардың 20 пайызы, яғни әлем бойынша әрбір бесінші жан қорылдайды екен.

1.05K (1000)Қаралымдар

Қорылдау көбіне ер адамдарда кездеседі. Дегенмен нәзік жандылар, жас қыздар мен балалардың да қорылдайтындары болады. Қорыл жанұя мүшелеріне ғана емес, осы дыбысты шығаратын адам үшін де үлкен мәселе болып табылады.

Жаман әдет пе, әлде ауру ма?

Негізі қорыл ауру болып есептелмейді, алайда оны қайсыбір аурулардың пайда болып жатқандығынан хабар беруші деп ұқсақ болады. Мәселен, көмей қуысы мен оның бұлшық еттері тарылса немесе ауыз қуысы еттері еркінсігенде тыныс жолдарына кедергі келеді. Мұндай жағдайды ғылым тілінде обстуктивті апноэ деп атайды. «Апноэ» тыныс жолдарының тоқтауы деген мағынаға ие грек сөзі. Біраз уақыттан соң ми оттегінің жетпей тұрғандығын сезіп, ағзаға ояну туралы сигнал жібереді. Ал, ұйқыдағы адам бұл сигнал туралы бейхабар жата береді де мең-зең күй кешіп, дұрыс демала алмайды. Күндізі ұйқырысау да ми қызметінің түнгі сигналының әсері болуы мүмкін.

Негізгі себептері

Қорыл түнгі ұйқы кезіндегі тыныс алу қызметінің бұзылуын ғана білдіреді. Ұйқыда жатқанда көмекей мен кішкене тілшік еркінсиді. Олардың босаңсуы мен ауаның кіріп шығуы арасында қорыл пайда болады. Ұйқыда жатқанда көмей қуысы бұлшық еттерінің тартылуына түрлі факторлар әсер етеді:

  • мұрын қуысы шымылдығының қисаюы, мұрынмен тыныстау жолдарының аурулары;
  • артық салмақ жинау
  • ұйықтар алдында ішімдік ішіп жату
  • ұйқы келтіретін немесе жалпы дәрілер
  • шылым шегу

Қайда барып қаралған дұрыс?

Ұйқының бұзылуы мен қорылдың пайда болуы жайындағы мәселемен сомнолог дәрігер айналысады. Қазір емханалар мен сауықтыру орталықтарында сомнологиялық орталықтар ашылып жатыр. Қажет болған жағдайда сомнолог сізді лор дәрігеріне жібереді.Ауру себебін анықтап, диогнозды дұрыс қою үшін емделушінің түнгі тынысына мониторинг жасалады. Ол үшін сіздің түні бойғы тынысыңызды тексеріп отыратын арнайы аппарат жұмыс жасайды. Сол компьютер қондырғысы арқылы диогноз қоюға болады. Қажет болған жағдайда оттегінің қамтамасыз етілуі мен жүрек те тесеріледі. Кеуде қуысы мен қабырғаларды да қадағалайтын болады. Осындай полисомнографиялық және лор дәрігерінің тексеруінен соң емдеу шарасын бастауға мүмкіндік ашылады.

Емдеу тәсілдері

Бүгінгі күнге дейін апноэ мен қорылды емдеудің тиімді тәсілдері табылмады. Оның үстіне әр адамда қорылдың салдары әр түрлі болып келеді. Кейде 5-7 келі салмақ тастаған адамдар қорылдан арылып жатады. Асқынбаған жағдайда көмей қуысының жұмсақ етіне лазерлі крипластика жасайды. Ауыр апноэға СРАР терапия (continuous positive airway pressure –«үнемі қалыпты қысым») жасалады. Ол ауаны белгілі бір қысыммен түтік арқылы тыныс жолдарына герметикалық мұрын маскасымен жеткізіп тұратын компрессор. Қорылдың ауыр түрінде бұл аппаратпен адам жақсы ұйықтайды.

Қорылдар құтылуға арналған жаттығулар:

Қорылдан арылуға арналған бірнеше жаттығулар бар.

  • «Тіл шығару» жаттығуы – тілді сыртқа шығарып жоғары-төмен 1-2 секунд созу қажет. Күніне 30 рет жасаңыз.
  • «Жақты қозғалту» – иек астын қолыңызбен ұстаңыз да жағыңызды алдыға-арқа қозғалтыңыз. 20 рет қайталау керек.
  • Дауысты жуан дыбыстарды әндетіп айтқан да пайдалы.
  • «Таяқша тістеу» – 3-4 минут таяқша тістеп тұру керек. Сол уақыт арасында иек еттері ауырса, жаттығуды дұрыс жасап жатырмын деп есептеңіз. 10-20 рет қайталаған нәтиже береді.