Ақ босағаОтбасы

Фэншуйдегі минимализм стилі

661Қаралымдар

Фэн-шуй ілімінен минимализм интерьеріне қатысты кеңестер:

1. Бұрышты жиһаздар

Стильде геометриялық пішіндер, бұрышты заттар кеңінен қолданылады. Заттың не жиһаздың бұрышы тұрғын­дардың төсегіне немесе жұмыс үстеліне бағытталмауын ескеріп, кеңістікті дұрыс жоспарлау маңызды. Өйткені өткір бұрыштар адам энергиясына кері әсер етіп, оның үнемі шаршаңқы және наразы болып жүруіне әкеледі.

2. Шкафтар

Шкафтардың есігі мүмкіндігін­ше жабық болып, ашық сөрелер болмағаны дұрыс. Өйткені, көлденең орналас­қан сөрелер бөлме энергиясын кесіп өтіп, адамның көңіл-күйіне әсер етеді.

3. Айна

Бөлмеге қойылған айна терезе мен есікке қарама-қарсы орналаспауы тиіс. Себебі есік не терезеге қарсы орналасқан айна бөлмеге енетін Ци энергиясын кері қайтарып, керекті энергияны жояды.

4. Төсек

Интерьерде ауада тұра­тын төсек түрлері жиі кездеседі. Мен бұл таңдауға аса кеңес бермес едім. Өйткені кереует пен ол орналасқан жерде демалған адам қорғанысты және толыққандылықты сезінуі тиіс. Сондықтан төсек аяғымен жерді тіреп, барынша қауіпсіздікті сездіріп тұрғаны дұрыс.

5. Терезе

Еденнен төбеге дейінгі биіктікті алып жатқан терезелерден бөлмеге көп мөлшерде түрлі энергиялар енеді. Бұл терезелердің алдына сырттан кіретін жағымсыз энергия­ларды ұстап тұратын стильге сай қан­дайда бір декоративті заттарды қойған жөн.

Негізінде минимализм стилі өте оңтайлы шешім. Өйткені онда тек қажетті жиһаздар орналасып, функционалды заттар қолданылады. Ұсақ-түйектермен шамадан тыс жүктелмейді. Яғни, дәл осы интерьер заттардың ыбырсуына жол бермей, энергияны тыныштықта ұстап тұрады.

АС ҮЙ

Минимализм бойынша жабдықталған ас бөлме тазалық пен ұқыптылықты көрсетіп тұруы қажет. Ас үйдің интерьер дизайны пішіні қарапайым жиһаздарымен ерекше. Басқа бөлмелер сияқты артық заттардың ыбырсып тұруына жол бермейді. Сондықтан барлық техникалық жабдықтар қабырғаға не ас үй жиһаздарына бекітіліп тұрады. Бұл жерде: табиғи тас, кірпіш, ағаш сияқты материалдар кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, шыны және хромды болаттан жасалған декор элементтері ас үйдің көркін ашады. Ал, қабырғасына ақшыл сары, ақ түстер жақсы үйлеседі. Оған сұр және қоңыр бөліктері бар жиһаздарды таңдасаңыз, ұтымды шешім болмақ. Еденге паркет және тақталар төселеді.

Кеңес

Үстел үстінде және жиһаз бетінде тек қана функционалды заттарды сақтаңыз. Егер интерьерге сай декорациялық бөлшектерді дұрыс таңдасаңыз, кеңістігі мол, жарық пен ауаға қаныққан жайлы жайға ие бола аласыз.