Сырласу
Ас мәзіріТіскебасар

“Цезарь” пиццасы

Американдық аспаз, өзі итальян тумасы Юлий Цезарь өткен ғасырдың 20-шы жылдары үйіндегі бар дүниелерді араластырып, салат ойлап тауыпты-мыс. Жаңа салат көпшіліктің патша көңілінен шыққаны соншалықты, дайындалу мәзірін сұраушылар да көбейе түсіпті. Тіпті айтулы салаттың атауын сұраушылар да жиілегенде аспаз Юлий Цезарь салатқа "Цезарь" атауын беріп үлгереді. Міне, содан бері бір жарым ғасыр өтсе де айтулы тағам әлі күнге сұранысқа ие. Ал, итальян асын сүйетіндер салат құрамына енетін заттар арқылы пицца жасап жүр екен. Олай болса, назарларыңызда "Цезарь" пиццасы.

294Қаралымдар

Құрамы:

  • тауықтың төс еті
  • 200 г. қамыр
  • 80 г. Цезарь тұздығы
  • 100 г. моцарелла ірімшігі
  • 1 бас қызанақ
  • 15 г. пармезан ірімшігі
  • 40 г. салат жапырақтары

Цезарь тұздығын дайындау әдісі: Соус немесе тұздық дайындау өте қарапайым. Ол үшін майонезге сары май мен қара бұрышты қосып араластырамыз. Осылайша алдын ала тұздық дайындап аламыз.

Дайындалу әдісі:
1. Алдымен пиццаға арналған қамыр илейміз. Қамырдың өзге ашытқылы қамырлардан еш айырмашылығы жоқ – тек тұз бен суға иленеді.

Енді пицца үстіне қойылатын ингредиенттерді турап алайық. Тауық еті, салат жапырақтары мен қызанақты тілімдеп тураңыз.

2. Жұқалап жайылған қамыр үстіне жоғарыда дайындап алған Цезарь тұздығын тегістеп жағамыз. Оның үстіне моцарелла ірімшігін қалың қабатпен сеуіп шығамыз. Дәмді де жұмсақ нағыз итальян пиццасын әзірлегіңіз келсе, моцарелланы өзге ірімшікпен алмастырмағаныңыз жөн.

3. Тұздығы жағылып, ірімшігі себілген пиццаның үстіне енді қалған ингредиенттерді орналастыру қалды. Алдымен тауық етін күн сәулесіне ұқсас ретпен орналастырамыз. Енді дөңгелектеп, жұқалап туралған қызынағымызды да тауық еті іспеттес қойып шығайық. Негізгі шаруа аяқталды. Дайын негізді пешке қойып пісіріп алған жөн. Пешіңіз қызып тұрса 350 С ыстық пешке 7-10 минутқа пиццамызды саламыз.

 

4. Пеште пиццамыз піскенше, салат жапырақтарын қалған Цезарь тұздығымен араластырамыз. Әп-сәтте пиццамыз да пісіп қалды. Ыстық пиццаны пештен шығара салып, қақ ортасына салат жапырақтарын орналастырамыз да, бетіне пармезан ірімшігін себеміз.

P/S: Дайын күлшені отбасы мүшелерінің санына сәйкес етіп турап, дастарқанға қоямыз. Астарыңыз дәмді болсын!