Дене күтіміСұлулық

Шаш күтіміне арналған 5 ереже

Күзде бастың терісі ғана емес, шашқа да баса назар аудару керек. Олар температуралық ауытқуларға төзе алмай, дәрумендерсіз әлсірей түседі. 

489Қаралымдар

1. Күн суытқанда міндетті түрде баскиім кию керек. Тіпті, жұқа орамал тартса да артық болмайды. Баскиім шашты алғашқы қар мен жаңбырдан қорғап, шаш фолликулаларын суықтанудан қорғайды. Оған қоса баскиіміңіз жайлы болса, қан айналымы да жақсы болады. Шашыңыздағы әдемі үлгіні сақтап қалу үшін «ақылды стайлинг» көмектеседі. Ол баскиімді шешкеннен кейін бұған дейін жасалған шаш үлгісін қайта қалпына келтіреді. Ол үшін кеңсеге келген соң қолыңызды сулап, шашыңызды түзетіп жіберсеңіз болғаны. Осындай стайлингтің арқасында шашыңыз қалаған үлгіде жатады әрі жылтырай түседі. 

2. Шашқа міндетті түрде қоректендіретін немесе түбін қатайтатын маскалар жасау керек. Мұндай өнімнің құрамында амин қышқылдары мен липидтер, дәрумендер мен май сығындылары болса құба құп. Масканы аптасына бір рет жасаған абзал. Қалған уақытта кондиционер мен сусабын жеткілікті.

3. Егер шашыңыздың үлгісіне көлем жетіспейтін болса құрамында пантенолы бар косметиканы пайдалану керек. Бұл сусабын мен кондиционер ғана емес,  әртүрлі шашқа арналған өнімде, гельдер мен лактар болуы мүмкін. Тіпті, сарысу шаймасы таптырмас шешім. Ол шашқа қосымша көлем сыйлап, әдемі етеді.

4. Шашқа лак себуде абай болыңыз! Лактардың көбінің құрамында спирт болады. Сондықтан, шашыңызды құрғатып жіберуі мүмкін. Таңдауды шашырататын лакка жасаңыз. Бұл өнім шашыңыздың бұйрасын сақтап қалуға септеседі.

5. Шашқа үтік немесе түзететін құралдарды жиі қолдануға болмайды. Егер шаш кептіргішті жиі қолданатын болсаңыз, онда кәсіби фенге басымдық бергеніңіз дұрыс. Міндетті түрде шашты ыстық фенмен кептіргіңіз келсе, алдымен сулы шашқа спрей сепкен дұрыс болады. Бұл әрбір шашты термикалық зақымданудан қорғайды.