ДенсаулықСаулық үшін

Шаш пен тырнақ – денсаулық айнасы

Шаш пен тырнақ  та теріміз секілді ағзамыздың саулығынан хабар бере алады. Шаштың сынғыштығы мен түсуі, тынақтың жұқарып кетуі- ағзаға қандай да бір дәруменнің жетіспегендігін білдіреді. Сонымен қандай дәрумендер жетіспеуі мүмін ?

572Қаралымдар

В12

Ғылым тілінде бұл дәруменді  голотранскобаламин деп те атайды.  В12-ні қазақтардың сүйікті дәрумені деп атауға болады. Неге дейсіз бе? Себебі бұл дәруменді өсімдіктерден кездестірмейміз. В12 – ет пен сүт тағамдарының құрамында бар.Сондықтан мүлдем ет жемейтін адамдар тырнағы мен шашының сау болуы үшін тағамға В12 дәруменінің дайын қоспасын қосуына тура келеді. Ал, сіз, орта есеппен алғанда шаштың жылына – 13 см-ге, ал тырнақтың айына – 3 мм-ге дейін өсетінін білемісіз? В 12 – қандағы оттегін тасымалдаушы түйіршіктің қызметін жақсартады. Сонымен қатар, эритроциттердің түзілуіне де аталмыш дәруменнің ықпалы бар. Тырнағыңыз сынғыш келіп әрі қарая бастаса, аталмыш дәруменнің азайғанынан күдіктеніңіз. Шаштың құрғап кетуі де дабыл қағатын жағдай. Бұл дәруменнің жетіспеуіне байланысты дәрігерлерде арнайы диагноз да бар.

Селен

Ауыр металлдардың әсерін жеңілдетіп, ерте қартаюдың алдын алатын дәл осы – селен болып табылады. Жұмысқа деген қызығушылық төмендеп,  үнемі ұйқы келе беретін болса, осы элемент жетіспейді деп күдіктенуге болады. Ерте әжім түсіп, шаштың ағара бастауы да селеннің тапшылығынан болуы мүмкін.

Марганец

Марганец жетіспеген жағдайда да шашқа ақ түсуі мүмкін. С мен Е және В дәрумендерінің дұрыс алмасуына да аталмыш элемент ықпал етеді. Мидың қызметін жақсартып, ұлпалардың пайда болуына да әсері жоғары. Бас айналып, үнемі аллергияға шалдыға берсеңіз, марганецтің жетпейтіні туралы бір уақыт ойланарсыз.

Мыс

Адам ағзасына қажетті элеметтің үштігін мыс металы құрайды.  Ал сіз ағзада мыс болмаса,  коллаген мен  эластиннің бөлінбейтінін білесі бе? Демек, шаштың жылтыр болуына, терінің тартымдылығы мен әжімнің түспеуіне аталмыш металл ықпал етеді. Тіпті, ағзадағы темірдің қызметі де мысқа тәуелді.

Кобальт

В12 дәруменінің құрамына кобальт та кіреді. Сонымен қатар, С дәрумені түзілуі үшін осы металдың қызметі маңызды. Қатты сырқаттанғаннан кейін ағза қалыпқа келеді емес пе? Нақ сол қалыпқа келудегі ұлпалардың қызметіне кобальт қажет болады.

Кальций

Тырнақтың қатты болуына, тіс пен сүйектің мықты болуына кальцийдің қажет екенін кішкентай балалар да білетін шығар. Бірақ ғалымдар тырнақтың саулығына кальцийдің онша қажеті жоқ деген тұжырымға келіпті. Дегенмен шаштың мығым әрі жылтыр болуына кальцийдің үлесі бар.

Мырыш

Шаштың талшықтарында ақуыз да бар. Талщықтың ұшынан түбіне дейін зат алмасып жатады. Осы алмасудың негізгі қолдаушысы – мырыш. Сонымен қатар ажарыңыздың ашық, гормандық реттіліктердің әрекетіне де аталмыш элемент жауапты. Тырнақтағы ақ дақтардың пайда болуы мырыштың тапшылығынан деп біліңіз.

Магний

Біз жоғарыда айтып өткен элементтердің қызметі қандай болса, магнийдың да маңыздылығы сондай. Мәселен, коллагеннің бөлінбеу мәселесі магний тапшылығынан болуы мүмкін. Ағзадағы 300-ден астам зат алмасу үрдісіне осы магний қатысады. Егер магний жетіспесе, шаршап-шаршап талықсып кетер едіңіз. Сол себепті, ағзадағы бұл элементтің маңыздылығына мән беріңіз.