Екеудің құпиясыЖан әлемі

Шырағың сөнбесін…

Осып жіберген шапалақтың дуылы әлдеқашан басылыпты, бірақ, жәбір көрген жаны жабырқайды. Кенет... «Жо-жоқ, мұнысы жарамайды, мен ке-е-етем!». Шешім шығаруы сол екен, көңілдегі реніші ашу мен ызыға айналып кетті. «Кетем дедім бе, кетем!». Киімдерін жинап, сөмкеге салғанша саусақтары қалшылдап кетті. «Маған қол көтеретіндей кім өзі? Барсын анау салдақысына, кімнің қадірлі екенін көрейік. «Ол менің дос құрбым» деп қояды ғой, «ЕРКЕК пен ӘЙЕЛ дос бола алмайды!»

1.79K (1000)Қаралымдар

Айшаның әдеттегідей сабыр етуіне дәрмені жетпеді. Өмірдегі сүйеніші де, тіреуіші – анасына аттанып кетті.

… Төркінінің табалдырығын аттай бергені сол еді, төргі үйден дабырласқан дауысты естіді. Қонақтар келіпті. Анасының ақ дастарқаны бір жиылған емес, қонақ үзілмейді. «Қонақ келсе, құт» келеді деп отырушы еді. Дереу бойын жинап, күлімсірей төрге кірді.

«О-ооо, қызымыз келіпті ғой, күйеубала қайда?» десті үйдегілер.

– Жұмыста, кешірек келеді, – деп қысқа қайырды. Қызу әңгіме жалғаса берді. Кенет үйдегі немере ұл қонақтарды баса-көктеп төрге ұмтылды. Төрдегі ақсақалдың алдындағы ыдыстан шайды да байқаусызда төгіп жіберді. Жайсыз жағдайға қысылған әкесі дәл сол жерде шешесін қағып қалды: «Әй, ана баланы алсаңшы» деп. Байқаусызда тілі мен қолы тиіп те кеткен еді. Анасының бүйіріне тиген соққының қатты екенін Айша да байқап қалған болатын. Дегенмен, анасы дана кісі-ау, ым-жымды білдірмей, немерені жетектеп, өзге бөлмеге шығарып салды да, әзіл әңгімемен көпшіліктің назарын аударып әкетті. Ас үстінде «Бәйбішеге серік болар тоқал алсаңшы» деген қалжың да қылтың етті. Тағы да ақылына басқан анасы «Сол тоқалды алып, қолым ұзара ма десем, мына шал маған бауыр басып қалдым деп мойын бұрмайды» деп, сөзді алып кетті.

Әйтсе де, «тоқал» сөзі Айшаның жанына түскен жараны тырнап кеткендей еді. Өзі сүйіп қосылған азаматы дәл осындай талап қойса ше? Мүмкін емес, өз күйеуім өзімдікі. Менікі… Ал, ол болса кеше не деді? Құрбым ғой, сонымен бірге болдым дей ме… Арыға шыдай алмаған Айша мазасызданып тұрғанын алға тартып, көпшіліктің назарын аудармау үшін үстелден тұрып, көрші бөлмеге кіріп кетті. ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу обручальное кольцо на пальце

Тағы да көз жасына ерік берді. Түн де ортасына ауған екен. Қонақтарды да шығарып салып, қызының қабағын айтқызбай-ақ таныған анасы бірден осы бөлмеге кірді.

– Айша, құлыным, жағдайың қалай?

Ерке қыз еңіреп қоя берді.

– Күйеуім ұрды…

– Ұрды?

– Иә, шапалақпен салып қалды. (Осы сөзді айтқанымен, дастарқан басындағы оқиға есіне түсіп, біртүрлі қысылып кетті. Әкесінің қолы тиіп кеткенде анасы ашу шақырып ренжу түгілі, қонақтардың алдында әзіл мен қалжыңды алға тартып, ақ пейілін ақтарды емес пе?)

– Не үшін қызым? Кінәнің кілтипаны өзіңде емес па? – деді жайменен.

– Қайдағы. Кеше Азамат түнгі 12-де келді. Сыныптастармен бас қостық дейді. Әлгі Гүлзирасы да сол жақта болыпты.

– Гүлзира?

– Иә, мектептегі алғашқы махаббаты.

– Қызым-ау, онда тұрған не бар? «Үйлену оңай, үй болу қиын» демеп пе едім?

– Бірақ, қыз бен жігіт арасында достық болушы ма еді? Не деп қылмыңдап, не деп мылжыңдағанын кім білсін.Картинки по запросу мама и дочь

– Е-е-е, қызым-ау, Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке – өз үйі» – деген тамаша нақыл бар.

– Оны ұғып жатқан күйеу қайда?

– Білесің бе, мынау өмір қамшының сабындай ғана. Адамзат бір-біріне қонақ қана. Кейде қолда бар алтынның қадірін білмейміз. Ал, қадірлей білу үшін, әрине, көрегендік пен көсемдік керек. Әйел қашанда бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен әлемді тербейді.

– Апа, ақыл айта бермеңізші, сонда бәріне мен кінәлімін бе?

– Қызым, білесің бе «адам мына өмірге бай болу үшін емес, бақытты болу үшін келеді». Ал, өзіңді бақытты сезіну үшін екі нәрсе керек: 1. Өзіңді мүсәпір сезінбеу, 2. Өзіңді жыртқыш сезінбеу. Бұл екі қасиет – қасірет. Жақсы, жолдасың құрбыларымен кездесті делік, жай ғана әңгімелескен болар, бәлкім сыр бөліскен шығар, өткенін еске алған шығар. Неге осы бір жағдай үшін сен өзіңді қор сезінесің? Және жыртқыш кейіпке еніп, уытты тіліңмен күйеуіңді шағасың.

– Өзі кінәлі ғой.

– Бақытты болғың келе ме?

– Әрине.

– Ендеше, бақыт – өзіңнің жан әлеміңде екенін ұмытпа. Қызғаныш пен теріс ой отбасыңның шырқын шығарады.

– Еркек пен әйел дос болмайды ғой. ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу муж и жена

– Болады. Әріптестік байланыс болуы мүмкін, бәлкім өткен күндердегі жақындық та болуы ықтимал. Бәлкім, ағалы-қарындасты болуы да ғажап емес. Рас, ер адам сұлулықты сүйеді, табиғи заңдылық шығар. Бірақ, соған бола шеттетіп, кеудесінен итерсең, ол жан жылуын өзгеден іздей бастайды. Ер адамның табиғаты ерекше. Өр болу қанында бар. Егер осы өрлікті жоғалтса, ол өз құндылығынан айырылғандай сезінеді. Мынау өмірге деген құштарлық бәсеңдейді. Ал, әйелдің беттен алып, төстен шабуы – оның өзіне деген сенімін азайтады. Өзін еркек сезінгісі келеді. Әлбетте, ер азамат деген иіліп, жылы қабақ танытқан әйелдерге үйірсек бола түседі. Бұл жағдайда ол ішкі дүниесіндегі отбасына деген адалдық пен ар-намысының тізгінін де уысынан жібермеуге тырысып бағады. Яғни, нәпсәни байланысқа тосқауыл қояды. Бірақ, осындай жан құлазыған сәтте демеу болып, тыңдай білген әйелді ол досым деп таниды. Мұндай байланыстың соңы неке бұзуға апаруы ды ықтимал. Сондықтан, қызым, мінезіңді түзе.

– Менің жаным ауырып, қызғанышым алауласа қайтем, апа?

– Қызғаныш неден туады? Негізгі себебі – өзіңді дәрменсіз сезінуден.

– Расында да, менің түрім жаман сияқты болып кетті өзіме.

– Және өзіңе деген сенімсіздіктен. Ең әуелі, адам баласы әуелі өзін жақсы көре білуі керек. Өзіңді жақсы көрмей тұрып, өзгені жақсы көру мүмкін емес. Жақсы киін, жақсы ойла, жаныңа жағатын жақсы амалмен шұғылдан. Әрі жақсы тағам жасап, жақсы көңіл-күйде жүруге тырыс.

– Ммм.

– Өзіңді сүюді өзімшілдікпен шатастырма. Күйеуің сатып алған мүлкің емес. Әркімнің өз тағдыры бар. Ол сенің дегеніңмен жүруге міндетті емес. Ал, сезімің мен сеніміңе қаяу түсірмесең, күйеуің саған өзі-ақ үйірсек болады. Ойлашы, барлығымыз мейірім мен жылы қабаққа зәруміз ғой?! Тән ләззаты уақытша дүние, жан ләззаты тәттірек. Жанына жақын тартып, өмірлік жары деп сені таңдаған екен, несіне уайымдап, несіне күйзелесің? Бір сәттік сезімге бола бүтін бір тағдырыңа балта шапқаның жарамас.

– Ұяттымын апа, тағдырымның тізгінін қолға алам енді, бақыт кілті өзімде екен ғой.

Бақыт кілті өзімде!

Баян Талдыбаева