Ақ босағаОтбасы

ЫҢҒАЙЛЫ КЕҢІСТІК Жинақылықпен сақтайық

06 Jun 2013 --- Reportage, maison extension à Colombes --- Image by © Martin Desjardins/Oredia/Corbis

Үйді қоқыстан тазалап, кеңістікті ұлғайтуға арналған ең таңдаулы шешімдермен таныс болыңыз.

647Қаралымдар

Жылжымалы есіктер

Егер асхана аймағында орын аз болса, жылжымалы есіктің артына ашық сөрелер орналастырыңыз. Мұнда сіз ыдыс-аяқтар мен асханалық жабдықтарды сақтай аласыз.

Жабық қоймада

25 Sep 2013, Calgary, Alberta, Canada — Organized playroom — Image by © Hero Images/Corbis

Ашық металл сөрелері үй жабдықтарын сақтайтын ыңғайлы орын болып табылады. Өйткені мұнда керек затты іздеудің қажеті де шамалы.

Кішкене шкаф

Бұл шкафтың төменгі сөресі ашық және есікшелермен болғаны абзал. Өзіңізге керекті заттарды сыйдырып, қалғандары болса әрірек тығып қойсаңыз болады.

Кереует астында

Кереует астында орын бар ма? Мұнда міндетті түрде арнайы жәшік қойыңыз. Оған екі адамға арналған көрпе мен жастық сыятыны анық.

Бұлыңғыр ауа райында

Аяқ киімге арналған ағаш қойма дәліздегі орынды үнемдеп қана қоймай, лас шалшықтан арылуға көмектеседі.

Ыңғайлы әрі келісті

Пальто мен күртешеге қажет аксессуарды оңай таңдағыңыз келе ме? Ендеше, екеуіне қажет дүниені бөлек-бөлек себетке салып қойыңыз.

Ашық түсті акцент

Тар бөлмеде жарқын заттар адам назарын аудартады. Олай болса, неге қанық түсті шкафка басымдық бермеске?!

Сөрелердегі ыдыс-аяқтар

Шағын ғана сөрелер аядай ас үйді жинақы етіп көрсетеді. Себебі оның стилі заманауи әрі оған жанұяға жетерлік ыдыстар сыяды.

Ыңғайлы ілгек

Нәзік бокалдарды жуған соң ыңғайлы кептіргіңіз келсе арнаулы ілгектерді қолданғаныңыз жөн. Сонымен қатар, оның астына тәрелкелер де оңай орналасады. Мұнда барлығына да орын жеткілікті.

Өзіңізге арналған бұрыш

Түрлі көлемдегі құты, кәрзеңке және қораптар қашанда жарамды. Сатып алар болсаңыз бәрінің бір формада болғанына көңіл бөліңіз.

Шығармашылық кеңістігі

Балаларыңыз түрлі суреттер, жапсырмалар мен ашық хаттарды жабыстыруды ұната ма? Мұнымен күресу мүмкін емес. Дегенмен, қабырғаға магниттік тақта іліп қоя аласыз.

Нөмірле

Ұсақ заттарды ретке келтіру ең қиын шаруаның бірі. Бұл жағдайда сізге жазылып белгіленген кішігірім жәшік ненің қайда жатқанын еске салуға көмектеседі.

Құрамдастырыңыз!

Модульді жиһаз түрлі нұсқалар ұсынады. Сізге тек ең оңтайлысын таңдау керек.

Сағат қоюды жоспарлаңыз!

Сағатты ас бөлмесі мен балалар бөлмесіне орналастыру табылған ақыл. Өйткені ол ең маңызды заттарды ұмытпауға септігін тигізеді!