Сырласу
Тәтті дәм

«Қара көйлек» десерті

Кешкілік астан кейін не шай ішер кезде тәттіге ерекше құмартамыз. Сыралғы құрбыңыз өздеріңізге өте жеңіл әрі дәмді десерт түрін ұсынады.

200Қаралымдар

Құрамы:

  • Шоколод қосылған бисквит 70 гр
  • Крем-чиз 80 гр
  • Қант ұнтағы 10 гр
  • Маусымдық жидектер 50 гр
  • Жалбыз

Дайындау әдісі:

  1. Ең алдымен шоколадты бисквит дайындап аламыз. Оны шағын дөңгелек пішінге келтіріп кесеміз.
  2. Дайын болған бисквитті үш қабатты етіп қаттап орналастырамыз.
  3. Кремге қант ұнтағын қосып, жақсылап араластыру керек.
  4. Бисквиттің әр қабатына крем жағып, жидектерді әсемдеп қоямыз.
  5. Дайын болған десертті жалбызбен сәндеуге болады.

Ас болсын!