Жан әлеміӨзіңді дамыт

Қол үзген құрбы

Өмір өткен сайын достарымыздан да қол үзе бастаймыз. Қанша ауыр болғанымен, бұған қалыптасқан заңдылық деп қарауға болады. Достық неге өзгерді? 

1.08K (1000)Қаралымдар

1. Бағыттарыңыз өзгерді
Күндердің күнінде ескі досыңызбен жолыңыз екіге айрылады. Бір-бірлеріңізге қажет болған белгілі бір уақытта жолдас болдыңыздар. Оның да өз уақыты келіп, екіге айрылуға тура келеді.

2. Достықты шыңдаудан жалығу
Шындыққа тура қарайықшы, достықты сақтау үшін де күш салып отыру керек. Арадағы ұлы сезім үшін жалғыз өзіңіз күресу тиімсіз. Онда өзіңізге уақыт таппай қаласыз. Бәрінің көңілінен шығу мүмкін емес.

3. Сіздер құрбы болған жоқсыздар
Бәзбіреулер «достық» дегеннің мәнін түсінбейді. Ойланып көріңізші, сіздер жай ғана таныс болған шығарсыздар?!

4. Біржақты ойысу
Қыздардың дені сүйіктісі пайда болғаннан кейін не тұрмысқа шыққан соң құрбыларын ұмытып кетеді. Жаңа өмірінің қызығы мен шыжығынан қолы босамай қалады. Оған ренжімей, түсіністікпен қараған жөн.

5. Ащы шындық
Екеудің біреуіне ащы шындықты айтуға тура келеді. Ақиқатты айтып, дұрыс қадам жасадыңыз. Дегенмен, құрбыңыз оған дайын болмауы мүмкін. Сондықтан оның өтеуіне достықты бересіз.

6. Кері әсер аласыз
Кейбір жандар тек сәтсіздік «сыйлап» жүреді. Бұл жақсы емес. Жағымсыз әсерді сезіне бастасаңыз, арақатынасты үзген дұрыс. 

7. Әлеуметтік желі шырмауы
Әлеуметтік желілердегі «достарын» нағыз құрбы деп ойлайтындар да табылады. Вертуалды өмір мен шынайы өмірді шатастырып алмаңыз.

8. Сіркесі су көтермейді
Мінсіз адам жоқ. Жора-жолдастар да қателеседі. Біз ұсақ-түйек деп санаған дүние өзге үшін маңызды болуы мүмкін. Осылайша болмашы дүние үшін достарымыздан айрылып жатамыз.

9. «Енді маған достықтың қажеті жоқ»
Өтіріктің балын жалағанша, шындықтың уын ішкен артық. Өзіне қажет кезде ғана достасатын жандар аз емес. Жеке басының мәселесін шешіп алғанша жаныңыздан табылатын дос – дос емес. Сондықтан достықтың қадірін біліп, адамдарды ажыраты біліңіз.