Жан әлеміӨзіңді дамыт

Қызғаншақ құрбы: Іші тар құрбыны қалай анықтауға болады?

677Қаралымдар

Психологтардың айтуынша, құрбылар арасында кішігірім қызғашақтықтың болуы – қалыпты жағдай. Алайда кейбір жағдайда қыз-келіншектер бұл сезімді басқара алмай, оны айналасындағыларға білдіртіп қояды екен. Сіздің қуанышыңызды көре алмайтын іші тар құрбыны қалай анықтауға болады? Бұл сұраққа сыралғы құрбыңыз жауап берді.

Көреалмаушылық

Егер құрбыңызбен кездесіп, оған басыңыздан өткен қиын жағдайды баяндап берсеңіз, ал ол өз кезегінде еш аяушылық білдірмей, сабырға келтіруге тырыспаса, демек сізді көре алмайды.

Ал керісінше, онымен өміріңіздегі қуанышты жаңалықтармен бөліссеңіз, құрбыңыз үнемі уақытының жоқ екенін айтып, сізбен кездесуден жалтарады. Ол осылайша бақытты сәттеріңізді сізбен бөліскісі келмейді.

Еліктеу

Құрбыңыз дәл сіздің көйлегіңізге ұқсас көйлек сатып алса, демек оған талғамыңыз ұнайды. Алайда нәзікжандылардың арасында құрбысының өмірін «ұрлайтындар» да бар. Олар сіз баратын курстарға жазылады, сіз секілді қызметте істегісі келеді. Яғни, өміріңізді толықтай қайталауға тырысады. Әрине, бұл – шектен шығу.

Кекетіп-мұқату

Қызғаншақ құрбылар өзін-өзі төмен бағалайды. Сол себепті өзгелерді кекетіп-мұқату арқылы өз деңгейлерін жоғарылатуға бейім тұрады. Ол сіздің мүсініңізді, жүріс-тұрысыңызды немесе киіну стиліңізді күлкіге айналдыруы мүмкін. Құрбыңыз осылайша сізге қарағанда өзінің жақсы екенін дәлелдегісі келеді.

Ишара

Құрбыңыз қол-аяғын айқастырып, әңгімеңізді мысқылмен күліп тыңдаса, демек, сізбен араласқысы келмейді. Ол сіздің жаныңыздан тезірек кетуге тырысып, ұялы телефонына жиі қарай береді.