ОтбасыОтбасы бюджеті

Үздік перзентхана. «Сырласу» ұсынған ТОП үштік

Дүниеге сәби әкелу – әйел өміріндегі ең керемет әрі маңызды сәттердің бірі. Әрбір нәзік жанды ай-күні жақындаған сайын «қалай және қайда босанамын» деген ойларға беріле бастайды. Бұл жағдайда бүгінгінің келіншектері ақылы клиникаларға жүгінеді екен. Себебі, заманауи техникамен жабдықталған аталмыш орталықтар болашақ ананың жүктілік кезеңін жіті қадағалап, жеңіл босануға ықпал жасайды.

1.04K (1000)Қаралымдар

Біз өз кезегімізде оңтүстік астана – Алматының ақылы клиникаларына сараптама жүргізе келе, ең үздіктерін сұрыптап алдық. Сараптама аталмыш мекемелердің қызметтерін қолданған әйелдердің пікіріне жүгіне отырып жасалды.

1. «Рахат» перзентханасы

 

Бұл жерде еліміздің ең үздік мамандары жиналған. Клиника «қиын» деген босанудың өзін жеңіл алып шығатынына кепілдік береді. Сонымен қатар, кесар тілігін жасау арқылы босандыру табиғи босандыруға жақын етіп жасалады.

Бағалары:

Табиғи босану – 468.000 теңге.

Кесар тілігі арқылы босану – 633.000 теңге.

Жүктілікті қадағалау – 200.000-270.000 теңге.

Мекен-жайы: Таугүл ықшамауданы, 46/1

Аида, 37 жаста. Алғашқы екі ұлымды мемлекеттік мекемеде тегін босанған едім, үшінші жүктілікке аса жауапкершілікпен қараймын деп шештім. Ғаламтордағы пікірлерді оқып жүріп, «Рахат» перзентханасын таңдадым. Дәрігерлер жүктілігімді о бастан қадағалағандықтан, 9 ай денсаулығыма еш алаңдамадым. Босануым өте жеңіл өтті.

 2. «Керуен-Medicus» медициналық орталығы.

Босану бөлімінің меңгерушісі – Тұрысбекова Ғалия Асылбекқызы –  жоғарғы деңгейлі акушер-гинеколог. Орталықтағы vip палаталар жеке ас бөлмесімен, ана мен оның жақынына арналған төсекпен жабдықталған.

Бағалары:

Табиғи босану – 550.000 теңге

Кесар тілігі арқылы босану – 680.000+20.000 теңге (орган тігісі)

Жүктілікті қадағалау – 290.000 теңге.

Мекен-жайы: Бұқар Жырау, 45/1

Сәния, 25 жаста. Бұл менің алғашқы жүктілігім болатын. Өзіммен тете құрбыларым ақылы және тегін орталықтарда босанып, екі-үш бала тапқан. Олардың пікірлеріне сүйене келе, тәуекел етіп, «Керуен-Medicus» орталығында босанамын деп шештім. Дәрігерлер босану кезінде асқынулар болған соң, дереу кесар тілігін жасаймыз деді. Олар дер кезінде істі қолға алмағанда, не боларын, тіпті, ойлауға қорқамын.Жанымнан бір елі шықпай, денсаулығымды қадағалады. Құрбым болса №2 перзентханада босанды. Ол жердің дәрігерлері оны айналшықтамақ түгілі 7 сағат жанына жуымаған. Өз басым таңдауыма өкінбеймін. Клиникада есепте тұрмағандықтан, кесар тілігі үшін барлығына 720.000 теңге төледім.

 3. «Приват Клиник» медициналық орталығы.

Клиниканың ең мықты, жоғарғы дәрежелі акушер-гинекологы – Витковский Олег Вильгельмович. Бұл жерде барлық палаталар сымсыз ғаламтор мен теледидармен қамтылған. Заманауи техникалық жабдықтар жеңіл босануға барлық жағдай жасай алады.

Бағалары:

Табиғи босану – 600.000 теңге

Кесар тілігі арқылы босану – 600.000 теңге.

Жүктілікті қадағалау – 250.000 теңге.

Мекен-жайы: Мирас ықшамауданы, 45

Жанар, 28 жаста. Екінші баламды «Приват Клиник» орталығында босандым. Шынымды айтсам, тегін және ақылы бөлімдерді салыстыруға келмес. Себебі, ақылы бөлімде дәрігерлер үнемі жаныңызда. Бұл клиниканың дәрігерлерінен мен физикалық және психологиялық көмекті қатар сезіндім. Сол үшін ол кісілерге алғысым шексіз!