Сырласу
Жан әлеміӨзіңді дамыт

Өміріңізді жеңілдететін 13 қулық

Әрқайсымыз жеке тұлғамыз, бірегейміз. Дегенмен, психологтар мінез-құлыққа, сезімге қатысты құпияларды ашудан жалыққан емес.

159Қаралымдар

1. Ұнату
Біреуге көңіліңіз кетіп, оның сізге деген көзқарасын біле алмай дал болып жүрсіз. Әлгі жанды сырттай бақылап, айтатын бір сөзін таңдап алыңыз. Сол сөзді немесе синонимін пайдаланған сайын басыңызды изеп, жымиғанын байқайсыз.

2. Қабылдау
Егер айтып отырған сөзіңізді өзгелер қалжыңсыз қабылдасын десеңіз: «Әкем осылай айтқан еді», – деп қосып қойыңыз. Адамдар ата-ананың кеңесін бейсаналы түрде дұрыс деп қабылдауға бейім.

3. Бәстесу
Құрбы-құрдас, әріптестер «Тас, қайшы, қағаз» ойнап жатады. Ойында әрдайым жеңімпаз болудың да құпиясы бар. Бәс басталардың дәл алдында қарсыласыңызға кез келген сұрақты қоя салыңыз. Сұрағыңызбен ойы шашырап тұрған ойыншы міндетті түрде «қайшыны» көрсетеді.4. Келісу
Әңгімелесушіңіз сізді мақұлдасын десеңіз, сұрақ қоя отырып басыңызды изеңіз. Басты изеу тек шындықты айтып тұрғаныңыздың белгісі ретінде қабылданады.

5. «Еркіндік»
Таңғы сағат 8-де қоғамдық көлікте тірі жан болмаса екен деп армандадыңыз ба? Адамның ең көп шоғырланған жерінен кері бағытқа қараңыз. Барлығы екіге жарылып, сізге жол ашып тұрғандай көрінетіні таңғалдырмай қоймас. Мұның сыры қарапайым: адамдар топырлап тұрған кезде олар басқа жүргіншілердің қайда бара жатқандығын ұғыну үшін көзіне қарап, оған соғысып қалмайын деп ығысумен болады екен.

6. Тәмамдау
Күні бойы бір әнді қайталап айта берсеңіз, өлеңнің соңын еске түсіріңіз. Адам санасы аяқталмаған істі жаттап қалады. Сондықтан ән сөзінің соңын ойласаңыз, ол өзінен өзі тоқтайды.Картинки по запросу ребенок и брокколи

7. Таңдау
Баларыңыздың брокколи жегенін қалайсыз ба? «Саған брокколи салайын ба?», – деп емес, «Қанша брокколи салайын, екеу ме, бесеу ме?», – деп сұраңыз. Олар үшін брокколиді сіз таңдап қойдыңыз. Бірақ балалар сұраққа жауап беру арқылы оны жеуді өздері қалағандай күй кешеді. Бұл қулықты өмірде кездесетін басқа да жағдайларда пайдалансаңыз болады.

8. Бақылау
Егер сізді біреу аңдып жүргенін байқасаңыз, жай ғана есінеп тұрып айналаңыздағыларды көзбен шолып өтіңіз. Есінеу қаншалықты әсерлі болса, қыр соңыңызға түсіп жүрген жанды соншалықты тез табасыз.

9. Алдарқату
Танысыңыз затыңызды керек жеріне жеткізіп тастасын десеңіз, мынадай әдісті пайладаныңыз. Мәселен, әңгімелесіп тұрып, қорабыңызды оның қолына ұстатыңыз. Адамдардың дені мұндай алдаусыратуды байқамай, жауапкершілікті өз мойнына алып алады. Дегенмен сақ адамдардан абай болыңыз. Өзіңізді ұялтып тастауы мүмкін.

10. Сәлемдесу
Қол алысып амандасу қажет екендігін біліп тұрсаңыз, алақаныңыздың қызып тұрғанына көз жеткізіңіз. Қолдың жылылығы достық пейіліңізді және елгезектігіңізді білдіреді. Суық алақан жеккөрініш сезімін тудырады екен.Картинки по запросу помогать другим

11. Көмектесу
Өзгелер сізге көмектессін десеңіз өтінішіңізді: «Маған сенің көмегің керек…», – деп бастаңыз. Адамдарға өзін айыпты сезіну ұнамайды. Сондықтан қол ұшын беруден бас тартуы неғайбыл.

12. Сенім                                                                                                                                                                                   Әңгімелесушіңіздің айтып отырған кей сөзін қайталаңыз. Сонда өзін мұқият тыңдап, түсініп отырғандығыңызға сенеді. Бірақ тым шектен шығып кетпеңіз.

13. Жек көру
Кімде-кім сізді жақтырмай жүрсе, одан қарындаш сұраңыз. Бір жағынан, адамдар өздері жек көретін жанға көмектескісі келмейді, бір жағынан, бұл – бас тартатындай үлкен өтініш емес. Осылайша, кімнің қандай көңілі барын аңғаруға болады.