Жан әлеміӨзіңді дамыт

Өміріңізді құртатын 6 нәрсе

153Қаралымдар

Көп жағдайда адамдар өз-өзіне зиян келтіріп жатқанын біле бермейді. Күн сайын артық бір шыныаяқ кофе ішіп, қолы босай қалса, әлеуметтік желелілерде отырады. Онымен қоса тән мен жан саулығына немқұрайлы қарайды. Осы орайда біз адамға шаттықта өмір сүруге кедергі келтіретін 6 мәселені тізбектеп шықтық.

Дене дабылын елемеу

Адамдар көбінесе мойын, арқа, бас ауруы, шаштың түсуі, тырнақтың сынуы секілді мәселелерді елемей жатады. Сол сияқты рухани тұрғыдан да қиындықтарға мойынсұнбауға тырысып, өзін алдаусыратып, келеңсіз жайттарға көз жұма қарайды.

Алайда оның орнына мәселеден қашпай, оны шешуге тырысқан жөн. Өзіңізге мұқият болыңыз. Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, мұның себебін анықтауға асығыңыз.

Қоғаммен байланысты үзу

Кейде өз-өзіңізбен оңашада уақыт өткізген маңызды. Дегенмен қоғаммен байланысты үзуге тырыспаңыз. Адамдармен қарым-қатынасты сақтап, жиі араласып тұрған жөн. Олай болмаған жағдайда жалғыздықта қалып, өз өміріңізге балта шауып алуыңыз ықтимал.

Шағымдана беру

Сіз үнемі өміріңізге көңіліңіз толмай, ғаламның өзі сізге қарсы тұр деген сенімде болуыңыз мүмкін. Әрдайым басыңыздан іс түспейтін секілді көрінеді де тұрады. Алайда бір уақыт басқаша ойлап көруге тырысыңыз. Әуелі, өміріңізге шағымдана беруді қойыңыз. Жолыңыз болмай қалған кезде, кінәні өзгелерден іздемеңіз. Келеңсіз жағдай орын ала қалса, оның шешімін табуға ұмтылған абзал.

Тамақтану мәселесіне немқұрайлы қарау

Қазіргі уақытта дұрыс тамақтанған өте маңызды.  Десе де бұл мәселеде шектен шықпаған жөн. Түрлі диеталар ұстап, ағзаңызға тәжірибе жасамаңыз. Әуелі дененің негізгі физиологиялық қажеттіліктерін зерттеңіз. Ал содан кейін оны қанағаттандыру мақсатында тамақтану жоспарын құрыңыз.

Зиянды заттарға әуес болу

Көптеген адамдар әлі күнге дейін күйзелісті жеңудің қарапайым жолдарын іздейді. Осы мақсатта олар ішімдік, никотин және тыныштандыратын препараттарды қолданады. Егер өміріңіздегі келеңсіз мәселелерді қандай да бір заттың көмегімен шешуді ойласаңыз, біліп жүріңіз, сіз тек ауырсыну сезімін уақытша баса аласыз. Ерте ме, кеш пе бәрібір түйінді шешуіңізге тура келеді.

Осы орайда эмоцияға беріліп, зиянды заттарға жоламаған жөн. Көбірек кітап оқып, спортпен айналысыңыз, арасында медитация жасап тұрған да өте пайдалы. Егер өз мәселеңізді өзіңіз шеше алмасаңыз, көмекті ет жақындарыңыздан немесе маманнан іздеңіз.
Есепсіз кеткен шығындар

Күнделікті ақшаңызды не нәрсеге жұмсайсыз? Кофе, тәттілер, фаст-фуд, лимонад сатып алуға әуессіз бе? Өзіңіздің күнделікті шығындарыңызға назар аударыңыз. Сізге қажеті жоқ дүниеге күн сайын қанша ақша жұмсайды екенсіз? Есептеп көріңіз.

Бір апта бойы параққа шығындарыңызды тізбектеп жазып жүріңіз. Тіпті, бір тиынға дейін қайда жұмсағаныңызды түртіп қойыңыз. Содан кейін соңында шыққан санды саралаңыз. Пайдасы жоқ дүниеге кеткен ақшаға не сатып алуға болатын еді? Соны ойлаңыз.