ДенсаулықСаулық үшін

Өмір минералдарға тәуелді

Су туралы сөз қозғағанда біз оның минералды болуы маңызды деп ойлаймыз. Негізінде судың өзі жер бетіндегі ең кең тараған минералды сұйықтық болып табылады. Демек жердің бетіндегі тіршілік осы минерал арқылы қалыптасып, өсіп-өніп жатыр деген сөз. Ғалымдар судың жер бетінде пайда болуына қатысты сан түрлі пікірде. Британдық ғалымдар суды күн жүйесіндегі метеориттер мен астероидтар алып келді деп есептейді.

1.65K (1000)Қаралымдар

Тұщы су

Тұздылығы  0,1%-дан  (1 грамм тұз 1 дм3) аспайтын суды тұщы су деп атаймыз. Бұлақтар мен өзендер, мұздықтар, жауын мен қар су қорын толықтырады. Сонымен қатар қар мен мұздықтардың 90%-ы тұщы су болып есептелінеді. Біз  тұщы суды тұтынамыз. Ағзамызға дәрумен болған көкөністер де сол тұщы судың минералдарымен қоректеніп өсіп шығады. Осыдан кейін-ақ жер бетіндегі сұйықтық пен минералдың маңыздылығын бағалай беріңіз.

Сонда минералды су дегеніміз не?

Құрамына тағы да микроэлементтер мен тұздар қосылған суды минералды су деп айтамыз. Оның өзі де сан түрлі болады:

  • Тұщы су ( 1 г-нан дм³-ге дейін минералданған)
  • Жеңіл минералданған (1-ден 2 г дм³ мөлшерінде минералданған)
  • Орташа минералданған (шамамен 5-тен 10 г-ға дм³)
  • Жоғары минералданған (10-нан 15 г-ға дейін дм³).

Минералды судың құрамы

Минералды судың құрамында хлор, кальций, магний, натрий, күкірт сутегі мен темір және сілтілер болады. Қазір минералды суды сататындардың көбейгендігінен біз оның пайдасы туралы ойланып жатпай-ақ тұтынуға құштармыз. Ал ең алғашқы кезеңде медицина оны асқазаны мен өт жолдары, бүйрегі мен бауыры ауыратын адамдардың молырақ қабылдауы үшін шығаруға ұсыныс білдірген.

Теңіз суының айырмашылығы

Таулы аймақтың мұздықтарының суын ішіп үйренген адам теңізді жерге барғанда ондағы судың құрамында тұздың басымырақ екенін бірден байқайды. Ал жергілікті тұрғындар оған үйреніп алған. Теңіз суының құрамында тұз бен иондалған металдар көп болады.

Жер асты сулары

Жердің қойнауы минералды элементтерге өте бай. Жер астынан шыққан судың минералды болатыны сондықтан. Негізінен минералды сулар жанартаулар мен жанартауы тоқтаған аймақтарда көп кездеседі.

Иондалған су

Минералды суды ең алдымен иондар арқылы ажыратамыз. Ca2+, Mg2+, Na+, K+, HCO3-, SO42- ,Cl Ca2+, Mg2+, Na+, K+, HCO3-, SO42- ,Cl- бұл минералдарды, біз, суды тұтыну арқылы ғана қабылдай аламыз.

Кальций (Ca). Сүйек ұлпаларын нығайту үшін қажет.

Магний (Mg). Жүрек қағысын жөндеп, май қабатын реттеуге қажет болады.

Натрий (Na). Қан айналымын реттеуге дәл осы элементтің қатысы бар.

 Калий (К). натрий мен осы элемент арқылы сұйықтық клеткаларға сіңе алады.

Марганец (Mn). Жүйке, қан айналым жүйелерін реттеуші. Инсулиннің бөлінуіне ықпал етеді.

Темір (Fe). ДНҚ-ның түзілуіне темірдің тікелей қатысы бар. Демек қандағы тұқым қуалаушы ақпарат осы элемент арқылы сақталады. Гемоглобинді де темір реттейді.

Хлор (Cl). Сүйек тіндерін реттеп, ас қорыту жүйесіндегі азықтың қорытылуына, адам ағзатына өте қажет элемент.