Екеудің құпиясыЖан әлемі

ӨТІРІК АСТАРЫНДАҒЫ ШЫНДЫҚ

Жігіттерді жіктей біліңіз

1.1K (1000)Қаралымдар

Жүзіңе қарап еш шімірікпестен өтірік айта беретіндер бар. Жақсы жігітті қалай тануға болады? Олар өтірікті өрнектеуде тым ебедейсіз келеді. Сондықтан олардың қыртысы жатпаған өтірігін кешіре салуға да болады. Себебі ондай жігіттер қисынсыз өтірікті екеуара кикілжің тумас үшін немесе сіздің оған риза болғаныңызды қалау мақсатында айтуы мүмкін. Ал, зиянды өтірік пен алдамшы жігіттерден қорғану керек.

«Саған кедергі болғым келмейді»

Шындығында жігіт мұндай сөздің астарымен «Сені қаламаймын» деген ойын бергісі келеді. Нақтырақ айтсақ, оның бақытты болуына сіз кедергі келтіріп жүрсіз. Ол соны жеткізгісі келіп әбігерленіп отыр деп біліңіз.

«Мен сенің теңің емеспін»

«Сенің менен жоғары екендігің соншалық, сені тастап кетуге мәжбүрмін». Байқадыңыз ба? Мықты әйелдерге ерлер тарапынан «теңің емеспін» деген сөз айтылса, ішкі дауысының сөзі осындай болмақ.

«Ара қатынасымызды ресмилендірмей-ақ қоялық»

Бұл сөздің астарында мынандай емеурін бар: Егер сүйікті қызыма опасыздық жасасам менікі оңбағандық болып табылады. Ал әлі анықталмаған байланысқа соншалықты жауапкершіліктің қажеті жоқ, солай емес пе?

«Мен нақты бір қыздың жігіті болуға дайын емеспін»

Сонда менің кім болғаным? Сенен сырт айналған жігіт екенімді қалай білдірсем екен?

«Маған мансабым жайында ойлану керек»

Мен бақытсызбын. Егер тез арада қош айтыспасақ сені жек көріп кетерімді біліп жүрмін. Сондықтан кеш болмай тұрғанда ара қатынасымызды үзген дұрыс. Мұны тура жүзіңе қарап отырып айта алмаймын. Сондықтан мансап туралы шатпақты ойлап таптым.

«Бұл мәселені эмоциясыз талқылап көрейікші»

Ашуланба! Мен саған ештеңе жасамағандай сабырмен сөйлесейік те, сонда мен де кінәлі емес адамша отырамын. Мен ашуланбай-ақ, сабыр сақтап отырмын ғой.

«Өткен шақтағы жігітің үшін көңіл күйің түсіп кетті»

Әрине, сені қобалжытқан мен емес қой. Ол да жаман жігіт емес еді, сенің көңілсіздігіңе өзің ғана кіналісің.

«Қазір бізде сындарлы да қиын кезең»

Иә, жағдаймыздың қиын екендігіне мен ғана кінәлімін. Бірақ сені жоғалтқым келмейді. Мені тастап кетпеші, өтінемін.

«Ашық сөйлескің келе ме? Жарайды, мен барлығына дайынмын»

Өтінемін, мен тастайтындығың туралы айтшы. Егер ол сөзді бірінші мен айтатын болсам, өзімді кінәлі сезінемін. Өзімнің жаман әрекеттерімді білемін, бірақ сен мені бірінші тасташы…