13 идея: романтикалық кеш
Екеудің құпиясыЖан әлемі

13 идея: ҰМЫТЫЛМАС КЕШТІҢ ҰТЫМДЫ ӘДІСТЕРІ

Үй жағдайында немесе үйден тыс жерде ұйымдастырылатын романтикалық кеш – кез келген жұптың өміріндегі маңызды сәттердің бірі. Бұл қарым-қатынаста жылулық пен сенімділік орнатуға, сондай-ақ жұптардың бір-біріне деген ынтық сезімдерін нығайтуға көмектеседі. «Екеуге арналған естен кетпес кешті» қалай ұйымдастыру туралы айтулы мақаладан оқып біле аласың.

Бірге ас дайындау

Бірлесіп тағам дайындау алдымен дәмді кешкі асқа, содан соң екеуді табыстыратын ғажап дүниеге айналады. Тек бірқатар ережелерді ұстанған жөн. Мұндайда кәдімгі үй шәркесі мен алжапқышты жібек шұлық пен әдемі әрі жаңа іш киімге ауыстыр. Бұл кеште сүйіктіңнің сүйіп жейтін тағамын пісіргенің дұрыс. Мысалы, ролл, макарон немесе пицца. Сол күнге борщ дайындауды жоспарласаң, оны кейінге қалдыруға тура келеді.

Романтикалық кешкі ас балауыз шамдармен, әсерлі музыкамен және бір бөтелке шараппен керемет үйлесім табады. Тамақтанып болған соң, сүйіктіңді десертпен қуант.

Барлығы ойдағыдай өтіп, етеккір жоспарыңның күл-талқанын шығармас үшін жіпсіз FREEDOM тампондарын жаныңда ұста. Жұп-жұмсақ әрі ыңғайлы болғандықтан бұл тампондармен қорғаныс пен сенімділікті сезінесің. Тіпті сүйіктің етеккір келгенін де білмей қалады. Мұндай губка-тампондардың арқасында жыныстық қатынастан кейін сүйіктіңде де, төсекте де етеккір ізі қалмайды.

Фильм тамашалау

Бірге фильм тамашалау романтикалық кешке арналған таптырмас идея екені бұрыннан белгілі.

Попкорн мен жеңіл тағамдар сатып ал немесе көкөністерді тура, сондай-ақ шырын, газдалған сусын немесе шай демдеп ал. Олардың барлығын бөлмеге алып бар. Содан кейін мейірімді және жарқын романтикалық комедияны немесе комикстерге негізделген фильмді қосуға әбден болады. Фильмдердегідей бәрі тәтті, шынайы әрі әсерлі көрінуі тиіс.

Сән көрсетілімі

Толық бағдарламадағы романтикалық кешті қалай ұйымдастыруға болады? Екі адамға арналған көлемді және қызықты кеш жасау қажет. Бірақ бұл жұптық жұмысты қажет етеді: тақырыпты алдын ала белгіле – 90-шы жылдардан супер агенттерге дейін танымал болған тағамдар, сусындар, музыка не фильмдерді қарастырғаның жөн. Үстел ойынын немесе басқатырғыш сатып ал.

Тіпті сауалнама да ұйымдастыруға болады. Бір тақырып төңірегінде 10-20 сұрақ дайындап, әр дұрыс жауапқа сыйлық ұсын, ал қателессе, жұбыңа қалжыңға толы жеңіл жаза тағайында.

Бірге кітап оқу

Бірлесіп кітап оқу жақындастырары сөзсіз, тіпті бұл бөлім уақыт өте келе кештердің ажырамас бір бөлігіне айналуы мүмкін. Осы орайда қай жанрдағы кітапқа тоқталған дұрыс деген ой келері анық. Мәселен, орыс немесе шетел классикасы, ертегілер немесе шытырман оқиғаға толы кітаптар таңдауға болады. Таңдау өз қолыңда! Үстілеріңе жылы жамылғы жауып, маршмелло қосылған бір кесе какаомен кітап оқуға кірісіңдер. Әркім өз кітабына үңілмеуі тиіс, бір-бірлеріңізге дауыстап оқу керексіңдер! Кезекпен оқуға да болады, осылайша араларыңдағы жақындық арта түседі.

Ыстық мекен

Романтикалық кеште серуендеуді жөн санайсың ба? Бұл да дұрыс шешім. Тек өздеріңнің ыстық мекендеріңе айналған орындардың сызбасын жаса. Ол екеуің ең ерекше әрі есте қаларлық сәттерді бастан өткерген орындар болуы тиіс. Жылы естеліктер жылулық сыйлап, құшағына алары сөзсіз. Осылайша, сүйіктің екеуің керемет жұп екендіктеріңе тағы бір мәрте көз жеткізесіңдер.

Қалада серуендеу

Ғашығыңды түнгі қаланың әсем жерлерінде қыдырт. Тіскебасар тағамдардың жанынан өтіп бара жатып, бәлкім, тәттілер аларсыңдар. Ал көліктегі романтикалық саяхаттың қалай аяқталарын кім білсін?

Бұрыннан келе жатқан, ең бастысы, дәлелденген әдісті де қолдансаң болады. Ол үшін жұбыңды мейрамхананың жоғарғы қабатына шақыр. Айлы түс астындағы кешкі ас пен жұбынан ләззат алу ерің үшін ұмытылмас кешке айналары анық.

Демалу

Ерің екеуіңді жұптық массажға жазып қой. Бұл әдіс демалуға және бірге болу арқылы ұмытылмас әсер алуға септігін тигізеді. Демалыстың бұл түрі Еуропа елдерінде аса танымалдылыққа ие. Ал романтика мен сүйіктіңмен жеке қалу айырықша атмосфера сыйлары анық.

Вело-кеш

Кешкі уақытта белсенді болғың келе ме, әлде физикалық белсенділік арқылы артық жүктемелерден арылған жөн бе? Оның да шешімі жоқ емес, сүйіктіңмен велосипед кешіне барып қайт. Әр қаладағы велостудиялар үнемі осындай кештерді ұйымдастырып жатады. Жаттығу құрылғысының үстінде бір-екі сағат жалынды әуенге билеу қуаттануға көмектеседі.

Стриптиз

Егер сүйіктіңді таң қалдырғың келсе, сезімдерін оятуды қаласаң және одан да көп жеке нәрселермен қуантуды ойға алсаң, кешті стриптизден бастауға болады. Шешіну процесін қызықты іске айналдыр. Шамдарды сөндіріп, романтикалық музыканы қосып, түймелерді ағытуды баста. Ең бастысы – баяу қимыл. Сондай-ақ, жақындасып билей алсаңдар, тіптен керемет болары сөзсіз. Ішкі сезімдеріңді тұншықтырма.

Хош иісті майды алып, киімсіз денелеріңе жағыңдар. Мұндай романтикалық кеш сүйіктің үшін жаңа дүние болмақ.

Жаңа позалар

Жаңа позаларды қарап шық немесе арнайы ойындар сатып алып, оларды бірге ойнаңдар. Еріңді еліктіру үшін эксперименттерді жаңа жібек ішкі киіммен немесе жібек шұлықтармен толықтыруға болады. Романтикалық кешке арналған идеяларың шопинг жасауға арналған идеямен үйлесім тапса, өзің де бір қуанып қаласың.

Жаңа орындар

Төсек? Жұмыс істеп тұрған кір жуғыш машинада байқап көрдің бе? Сезімдерді сөзбен айтып жеткізу тіпті мүмкін емес. Айнаның жанында ше? Жуынатын бөлмеде көрдіңдер ме? Онсыз болмасы анық. Аталғандардың барлығы – махаббат ләззаты үшін таптырмас орындар.

Алтын балық

Жолдасыңа бүгін оның алтын балығы екеніңді айт. Сондай-ақ, оның үш жыныстық қалауын орындайтындығыңды ескерт. Ол сенің оған қаншалықты сенетіндігіңді тағы бір мәрте түсінеді, ал сен оның төсек қатынасында қалауын білетін боласың. Мұндай тәсілдің еркіндік сыйлары сөзсіз.

Қонақ үй

Қонақ үйден бөлме брондап, ер азаматыңды кездесу кешіне шақыр. Раушан жапырақшалары, шарап, көпіршікті ванна, маска, жібек шұлықтар – қиял тұңғиығына бөлен. Тіпті «құпия кездесу» жасап, оны таңғалдыра аласың.

Оқып отырғаныңдай, романтикалық кештің сан алуан нұсқалары бар. Ең бастысы, романтикалық кештің екеуіңе де ұнар жолын таба біл.