TrendСән

2020 жылдың күзінде қандай аксессуарлар сәнді болмақ?

Шынжырлар

2020 жылы шынжырлар мойынға тағатын аксессуар, қолға тағатын білезік және белбеулер түрінде, сөмкелер мен киімдерде, бас киімдер  мен аяқ киімдердегі сәнді элемент ретінде көпке танылды. Сонымен қатар, аталған аксессуар трендер қатарынан алдағы уақытта шыға қоймасы анық.

Портупея

Біз ұсынған тізімдегі ең сексуалды, тартымды тренд – портупея. Бұл маусымда портупея көпшіліктің көңілінен шығады деп сенеміз. Былғарыдан тігілген аксессуарды ақ түсті оверсайз блузкалардың сыртынан киген жөн. Сондай-ақ, оны топтар мен пиджактармен үйлестіре киюге болады.

Шаш қыстырғыш

Ұзын шашты сылқымдар үшін керемет шешім табылды. Биылғы күзде 90-жылдары танымал болған шаш қыстырғыштар қайта сән әлеміне оралды. Енді шаш үлгісіне бас қатырмай, қыстырғышты тағып алып та сәнді болып жүре беруге болады.

Кең белбеу

Кең белбеу – бұл күздің негізгі аксессуарларының бірі. Екпінді белге қойғанды ұнататын арулар үшін бұл таптырмайтын мүмкіндік. Белбеуді жакетпен де, жемпір, көйлекпен де үйлестіріп тағуға болады.