News

22 баланың ата-анасы үнемді тамақтану жолдарын атады

Ланкаширден шыққан Рэдфордтар отбасы Ұлыбританиядағы ең үлкен әулет ретінде танылды. Сью мен Ноэль Рэдфордтың 22 баласы бар. Олардың ең үлкені 31 жаста, аал сүт кенжелері небәрі үш айлық.

22 баланың ата-анасы бүгінгі таңда олардың тек 17-сімен тұрады және мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақысыз өз күндерін өздері көруде. Отбасы Ноэльдің наубайханасынан түскен табыстың есебінен күн көреді екен.

Сондай-ақ, ерлі-зайыптылар үнемді түрде үлкен отбасыны қалай тамақтандыруға болатыны жайлы блог жүргізеді. Бүгінгі таңда олардың оқырмандары саны 229 000-ға жетіпті.

Сьюдің сөзінше, балалардың ешбірі тамақ талғамайды. Сол себепті олар күніне бірнеше тамақ әзірлеп әуреленбейді.

Сью күнделікті дүкенге барып, жергілікті саудагерлерден арзан бағада ет пен көкөніс сатып алады екен.

Сонымен қатар, ата-ана дүкендердегі жеңілдіктер мен акцияларды бақылап, коммуналдық қызметтерді ұтымды төлеу туралы үнемі оқып отырады. Мүмкіндігінше жеңілдіктер мен купондарды пайдаланады. Олар кіржуғыш зат және дәретхана қағазы сияқты заттарды көп мөлшерде сатып алады.

Ноэльдің айтуы бойынша, отбасын тамақтандыруға аптасына 250 фунт, яғни 150 мың теңгеге жуық ақша жұмсалады екен.