Бет күтіміСұлулық

30 жасқа дейін жасалатын оталар

241Қаралымдар

Дәрігерлер белгілі бір жасқа дейін кейбір пластикалық оталарды жасауға кеңес бермейді. Себебі кез келген пластикалық отаның өзінің қолайлы уақыты бар. Ол жас ұлғайған сайын ағза мен терінің өзгеруіне байланысты болмақ. Осы орайда сыралғы құрбыңыз 30 жасқа дейін жасап үлгеру керек деген оталардың түрін тізіп шықты.

Отопластика

Кейбір қыз-келіншектер құлағы шектен тыс үлкен болғандықтан бала күнінен жайсыздықты сезінуі мүмкін. Әдетте арулар аталған кемшілікті шашының артына жасырып қоюға тырысады. Дегенмен, тәуекелге бел буып, құлақ пішінін отаның көмегімен өзгертуге шешім қабылдаған болсаңыз, оны есейген шақта, яғни жоғарғы оқу орнын тәмамдап, комплекстардан арыла алмай қойған кезде жасатқан абзал.

Биш түйіршіктері

Биш түйіршіктері – беттегі май болып есептеледі. Оны алып тастағаннан кейін, қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Бұл – нәзікжандылардың бетті айтарлықтай арық ету үшін жасайтын ең танымал оталарының бірі. Беті дөңгелек болып келетін егде жастағы әйелдер де хирург маманына жүгініп, Биш түйіршіктерін алдыртады. Бір қызығы, көптеген дәрігерлер жасы келген пациенттерін бұл отадан бас тартуға шақырады. Себебі жас ұлғайған сайын бет әлпеті онсыз да солғын болып көрінуі мүмкін.

Трансконъюнктивальді блефаропластика

Трансконъюнктивальді блефаропластика – бұл көздің конъюнктивасы арқылы жасалатын косметикалық процедура. Оның көмегімен үстіңгі және астыңғы қабақты өзгертуге болады. Аталған ота кезінде көзге пышақтың жүзі тимейді әрі қалыпқа келу ұзақ уақыт алмайды. Айта кету керек, трансконъюнктивальді блефаропластика қабағы тым салбырап кеткен егде жастағы әйелдерге керекті нәтиже бермейді. Сол себепті отаны ерте жастан жасаған жөн.

Маммопластика

30 жасқа дейінгі арулар кеуде пішінін өзгертуге құмар. Осы орайда олардың басым бөлігі маммопластикаға жүгінеді. Бұл кеуде пішіні мен мөлшерін түзетуге арналған хирургиялық ота. Маман сүт бездерінің көлемін, кеуде пішінін өзгертеді. Ота ұзақ уақыт алмайды, сондай-ақ одан кейін асқынулар жиі кездесе бермейді. Процедура барысында дәрігер материалды ампутациялайды, емізіктерді мата қалдықтары түрінде береді.