News

31 арна  “Аналық сезім” отбасылық драмасын  көрермендеріне ұсынады

 "Аналық сезім" атты отбасылық драма апалы-сіңілі  Айзере мен Арайдың тағдыры туралы баяндайды. Екеуінің өмірі екі түрлі: Арай – аяулы жар, ардақты ана, ал Айзере – сұлу әрі іскер ару. Алайда, Айзере қаншалықты бай болса, соншалықты бақытсыз, себебі ешқашан бала сүйе алмайды.

Сәтсіз аяқталған бірнеше талпыныстан кейін Айзере әкесінің туған күнінде өз-өзіне қол жұмсамақ болады. Бірақ қамқор әпкесі Арай оны өлім аузынан арашалап алып, сіңлісіне суррогат ана болу жайлы ұсыныс тастайды.

 

Арай ұл босанып, сіңлісі Айзере оны бауырына басады. Бастапқыда ауыртпалықтар артта қалып, бәрі бақытты көрінеді. Алайда, бірнеше жыл өткен соң, Арайдың отбасы – жолдасы мен екі баласы жол апатында қаза болады. Қайғыдан қабырғасы қайысып, қара жамылған Арай бұл сынақты көтере алмайды. Әбден қажыған ол психотерапевттің алдынан бір-ақ шығады. Есі кеткен ол сіңлісіне табыстаған ұлын қалай да кері қайтармақ боп, Әлиханның ізіне түседі. 

Әлиханның анасы болу құқығы кімге тиесілі және бала кіммен бақытты бола алады? Бұл сұрақтардың жауабын 2 желтоқсан күні 31 арнада сағат 18:00-де “Аналық сезім” хикаясынан таба аласыздар.

Актерлік құрам:                                                         

Режиссері-Светлана Петрийчук

Қоюшы операторы-Матвей Шестаков

Актерлер:

Арай рөлінде Айнұр Бермұхамбет  

Айзере рөлінде  Ақерке Бүркітбай 

Әлихан рөлінде Ыбырай Бекнұр Олжасұлы

 

Серия саны-10

Бір серияның ұзақтығы-30 минут