Ақ босағаОтбасы

50 жастан кейін жыныстық қатынастан ләззат алу мүмкін бе?

Көптеген адамдар 50 жастан кейін жыныстық қатынас тоқтайды деген сенімде. Алайда, негізінен бұл олай емес. Көптеген жұптар зейнетке шыққаннан кейін де жыныстық қатынаспен белсенді түрде айналысады. Десе де, егде жаста төсек қатынасынан тоят табу үшін сіз кейбір ережелерді ұстануыңыз керек.

Спортпен айналысыңыз

Көпшілік біле бермеуі мүмкін, бірақ спорт пен күнделікті белсенділік төсек қатынасында ләззат алуға тікелей әсер ете алады. Біріншіден, жүйелі жаттығулар денеңізді бір қалыпқа келтіреді. Сол себепті сіз жыныстық қатынас кезінде “сырттай қалай көрінеді екенмін?” деген сауалдар мазаламайтын болады.

Жасыңызды ескере отырып дұрыс қалыпты өзгертіңіз

Жас ұлғайған сайын адамның денесі мен ағзасы өзгеріске ұшырайды. Сол себепті 50 жастан кейін жыныстық қатынастағы қалыпты дұрыс таңдай білген жөн. Түрлі тәжірибелер жасауды мақсат етіп, денсаулығыңызға кері әсер тигізіп алудан аулақ болыңыз.

Дәрі-дәрмектерге назар аударып көріңіз

Эрекция мәселелері, либидо деңгейінің төмендеуі  – сіз үнемі қабылдайтын препараттың жанама әсері болуы мүмкін.

Осындай дәрі-дәрмектерге:

  • гипертонияға қарсы препараттар
  • антигистаминдер
  • антидепрессанттар
  • холестеринді төмендететін дәрілер
  • асқазан жарасына қарсы дәрі

Сіз қабылдаған препаратқа қатысты нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және өзіңіздің ішкі түсігіңізді тыңдаңыз. Егер сіздің жыныстық өміріңіз дәрі-дәрмектерден зардап шегеді деп күдіктенсеңіз, бұл туралы дәрігеріңізбен кеңесіңіз.