ДенсаулықСаулық үшін

Глютен туралы не ойлайсыз? Көпшілігі, бұл күресуді қажет ететін «зиян» деп жауап беретіні белгілі. Ал кейбіреулері тамақтанудың кез келген аспектісіне ақылмен және сақ қарау қажет деп айтады. Бұл шындық. Бірақ бұл мәселені талқылау қажет! Сондықтан біз сіздермен бірге кәсіби диетологқа барып, бізді қызықтыратын барлық сұрақтың жауабын аламыз. Біздің консультант –Herbalife Nutrition компаниясының тамақтану жөніндегі сарапшысы Алмагуль Ержекенова.

“Глютен деген не?” сұрағынан бастайық. 

Бұл дақылдардың клейковина құрамына кіретін ақуыз. Ол бидайда, қара бидайда және  арпада көп кездеседі. Глютенмен «күрес» жақында ғана басталды, бірақ бұрын-соңды болып көрмеген танымалдылыққа ие болды. Ғалымдар, мұны күрделі генетикалық ауруға – целиакияға шалдыққан емделушілер санының артуымен байланысты деп болжайды. Мұндай адамның ағзасында глютенді сіңіретін фермент бөлінбейді. Ыдырамаған ақуыз аш ішектің қабырғасына қатты әсер етеді, қабыну басталады және тағамнан түскен қоректік заттар сіңірілмейді. Оның жалғыз емі – өмір бойы глютенсіз диета. Целиакия ауруы жұқпайды және глютенмен өнімдерді тұтынсаңыз да, оған шалдығу мүмкін емес. Сондықтан, байбалам салудың себебі аурудың таралуы емес, оған уақытында көңіл бөлмеу  және сирек диагностика жасау болып табылады. Қазіргі кезде Жер бетіндегі тұрғындардың 1% осы диагнозға ие. Оларға арнап «глютенсіз» таңбасы бар өнімдер өндіріле бастады.

Американың өршіл ғалымдар тобы, егер целиакиямен ауыратын адамдардың күйі глютенсіз жақсарса, онда мұндай сау диета пайдалы болады деп шешті. Көптеген зерттеулер және сараптамалар жүргізілді, бірақ нақты ешкім және ештеңе дәлелдей алмады. Дегенмен, идея маркетологтарға ұнап, көпшілікке ұсынылды. Глютенсіз тауарларға сұраныс артты, сәйкесінше ұсыныс та көбейді.

Тәуелсіз ғалымдардың жасаған ең негізгі қорытындысы, сау адамның әрдайым глютенсіз диетаға отыруы қажет емес және тіпті зиян да болуы мүмкін – бұл ақуыз көптеген пайдалы заттардың, мысалы, темірдің, магнийдің, B тобындағы және D дәрумендерінің сіңуіне көмектесетіндігін қарастырады.

Сонымен қатар целиакия сияқты маңызды аурудан басқа, аллергия және глютенге жоғары сезімталдылық ұғымы қолданылады. Біріншісі түсінікті деп ойлаймын, нанды жедіңіз – теріңіз бөртеді, немесе анафилактикалық шок – ең қиыны. Екінші аурудың белгілері: сұйық нәжіс, түйілу, іштің кебуі, кейде – әлсіздік және бас ауруы. Ең қауіптісі, адамдар глютенге жоғары сезімталдылығын білмейді, қиналады, ал белгілерін басқа сыртқы жағдайлармен байланыстырады. Сондықтан диетологтар бір ай бойы глютенсіз диетаны ұстануға кеңес береді. Біріншіден, бұл ағзаны шлактардан және уыттардан тазартады, ішектің ауырлығын жеңілдетеді, оның микрофлорасын жақсартады және зат алмасу процесін қалпына келтіреді. Екіншіден, өзіңізді бақылауға және клейковинаның жағатындығын тексеруге  мүмкіндік береді.

Глютенсіз диета – бұл қиын емес. Рационнан бидайды, сұлыны, қара бидайды және арпаны алып тастау қажет. Сіз бұларды жемейді деп сенеміз, бірақ естеріңізге саламыз: глютен сыраның, квастың, шұжықтың, сірке суының, балмұздақтың, тәтті йогурттардың, кәмпиттердің, майонездің құрамында және әрине, бидай ұны бар барлық өнімдерде кездеседі. Оның орнына: балғын ет, балық, құс етін, көптеге сүт өнімдерін, картопты, көкөністерді, шарапты, қарақұмықты, жүгеріні, күрішті және тағы басқаларды жеуге болады.

Көптеген адамдар үшін ұннан және пісірілген наннан бас тарту қиын. Бірақ оның шешімі бар, және ол өте оңай, ең бастысы – салауатты. Бидай ұнын Herbalife Nutrition ұсынған Формула 1 протеинді коктейліне ауыстыру қажет. Төменде қиын емес, бірақ теңгерімді рецептер ұсынылған:

Осы тағамның салауатты пайдасы өте зор. Біріншіден, олардың, тіпті торттың құрамында қант жоқ. Бұл даусыз плюс! Олардың құрамында тазартылған бидай ұны және, сәйкесінше глютен жоқ. Бірақ ақуыздар, майлар мен көмірсулардың теңгерімді кешені бар. Оған қосымша бүкіл қажетті дәрумендер мен минералдар бар.

Herbalife Nutrition Тамақтану жөніндегі сарапшы Алмагуль Ержекенова осы тағамдарды жұмыс күндері ғана емес, Жаңа жылғы мерекелік дастарханда да әзірлейтіндігін айтты. Барлық қонақтар таң қалады! Ең бастысы, мұндай тағам артық салмақтан құтылуға, ағзаға қажетті жеңілдік пен саулықты сыйлауға мүмкіндік береді!

Herbalife Nutrition теңгерімді тамақтану – бұл рецептердің көптеген мөлшері, олар өз дәмдерінің, өнімдерінің және ингредиенттерінің үйлесімімен таң қалдырады. Қиялыңыздың шарықтауы тамақ ішу санымен ғана шектеледі! Егер сіз ас әзірлеуді ұнатсаңыз және өз рационыңызды жаңа, пайдалы және дайындалуы жеңіл өнімдермен кеңейткіңіз келсе, онда Herbalife Nutrition ұсынған «Теңгерімді дәм әліппесі» сіздің асүйдегі таптырмас су-аспазшыңызға айналады. Шығармашыл болыңыз, әзірлеңіз және жақындарыңызды таң қалдырыңыз – және дұрыс тамақтану өнеріндегі нағыз қас шебері атаныңыз. Herbalife Nutrition ұсынған өнімдер негізіндегі теңгерімді рецептер – бұл өзіңіздің СӨС және тағамға деген қатынасыңызды өзгертуге мүмкіндік беретін нағыз жаңалық.