микротолқынды пеш
Ақ босағаДенсаулықСаулық үшін

Микротолқынды пеш туралы 10 аңыз бен 4 шындық

Микротолқынды пеш өмірімізге дендеп еніп, онсыз өмір сүру мүмкін еместей болып қалды. Алайда, түрі көп болғандықтан таңдау аса қиын шаруа. Оның үстіне микротолқындар туралы айтылып жүрген қауесет те көп: бірі оның зияндығын алға тартса, енді бірі оны жоққа шығаруда. Сонымен кімге сенеміз? Микротолқынды пеш алмас бұрын шындық пен аңызға үңіліп көрелік:

Микротолқынды пеш туралы 4 шындық

  • Микротолқынды пеш ойда жоқта ойлап табылған: Американдықтардың пайымына сенсек , бұл ақпарат рас. Ал, ресейлік ақпарат көздері микротолқынды арнайы ойлап тапты дейді. Қалай болған күнде де көптеген жаңалықтар ойда жоқта пайда болғаны ақиқат.
  • Жұмыртқаны қабығымен микротолқынды пешке салуға болмайды. Шынтуайтында, болады. Бірақ,  ұсынылмайды. Себебі микротолқынды пеште қыздыру кезінде тағамның ішіндегі сұйықтықты белсенді түрде қыздыру процессі жүретіндіктен жұмыртқаның қабығы оған шыдамай жарылып кетуі мүмкін. Сол сияқты жабық ыдысты да микротолқынды пешке салуға болмайды. Салған жағдайда қақпағы атылуы мүмкін.
  • Суды қатты қыздырып жібереді. Бұл – шындық. Микротолқындар суды қайнау процессінен де жоғары қыздырып жіберуі мүмкін. Ал, бұл күюге әкелуі ғажап емес.
  • Ыңғайлы. Асығып тұрып суыған кофесін қыздырғандар мен шұғыл түрде ыстық бутерброд жегісі келгендер бұл ақпаратты растайды.

Микротолқынды пеш туралы 10 аңыз

  • Микротолқынды пеште темір тәрелке жарылып кетеді. Ақиқатқа жақын, бірақ жарылыссыз. Себебі метал микротолқынды шағылыстыратындықтан онда тамақ ысымайды. Сондықтан ыстық тамақ ішкіңіз келсе темір ыдысқа салып жылытпаңыз.
  • Аллергия. Микротолқынды пешті көп қолданғандарда микротолқындарға аллергия пайда болады деген қауесет көп. Бұл қағидаға әлі күнге дәйек табылған жоқ.
  • Микротолқындар тағам мен судың құрылымын өзгертеді. Бұл қауесетті газ/электр немесе пеш өндірушілері ойлап тапса керек. Өйткені ең көп таралған бұл ақпаратты тексеру үшін бірнеше алпауыт зерттеулер жүргізіліп, ешқандай тағам құрылымының өзгермегенін дәлелдеген.
  • Микротолқынды пеште дайындаған тағам дәмсіз болады. Махаббатсыз әзірленген тағамға қайда пісіп жатқанынының айырмашылығы жоқ. Қайда піссе де дәмсіз болары хақ. Әрине, денсаулығына аса көңіл бөлмейтін және қуырылған асты қалайтындар үшін микротолқынды пеш жарай қоймайды. Өйткені ол қуыра алмайды. Мұндағы процесс судың малекуласына әсер етеуімен ерекшеленетіндіктен қайнату мен бұқтыруға көп ұқсас. Сол себепті көптеген микротолқынды пештер қазір гриль және конвекция функциясымен толыққан.
  • Дәрумендер қалмайды. Микротолқынды пеште піскен аста пайдалы дәрумендер қалмайды деген аңыз да әзірге расталған жоқ. Жалпы ол ғана емес, барлық  термиялық өңдеу тағамдағы көптеген амин қышқылдары, дәрумендер мен минералды жойып жіберетіндігі рас.
  • Канцерогендер. Тағы бір аңыз – тағамды микротолқынды өңдеу канцерогендерге толы және ол рак ауруларын тудырады дейді. Бұл ұйғарыммен келіспеуге болады, себебі қуырылған тағамда микротолқынды өңдеуге қарағанда кансерогендер көбірек.
  • Қыздыру іштен басталады. Микротолқындар тағамдарды ішінен қыздырады деген қағида шындыққа жанаспайды. Қыздыру газ пеші сияқты, тек микротолқындар жоғарғы қабатты бірден 2,5 см дейін қыздырады.
  • Радиоактивті. Қорықпай-ақ қойсаңыздар болады. Микротолқындар құрамында радиоактивті йод пен уран жоқ. Тіпті ұзақ дайындағанның өзінде олардың пайда бола қоюы мүмкін емес.
  • Электроэнергияны көп жейді, Егер үйіңіздегі газ тегін немесе өте арзан болса, әрине, микротолқынды пеш қалтаңызды қағады. Десек те, газ қазір еш жерде арзан емес екендігін ескерсек бұл қағидаға келіспеуге болады.
  • Микротолқынды пеш тек қыздыру мен еріту үшін қажет. Ескі ұғым. Жалпы микротолқынды пеште таңғы астан бастап, кешкі тағамға дейін әзірлеуге болады.

Ұқсас мақалалар:

Микротолқынды пештің зиянын білесіз бе?