адалдық
Ақ босағаОтбасы

Мәңгілік адалдық. Жарыңызға адалсыз ба?

517Қаралымдар

Адалдық сақталса, шаңырақ шайқалмас

Статистикаға сүйенетін болсақ, ерлі-зайыптылардың 25%-ы некелі жарына опасыздық жасайды. Отау құрарда «мәңгілік адал болуға» серт етсе де, көп жағдайда уәде бір тараптан бұзылады. Серттің берік болмауына не себеп? Бұл сұрақтың қыр-сырын бірге іздеп көрейік.

Сертке адалдық пен риясыз сенім

Психологтар отбасындағы сенімнің жақындық сезімі мен көп қиялға берілумен шектелмейтіндігін айтады. Себебі, саналы әрекеттерді емес, сезім ықпалында болатын дүниелерді мәңгіге уәде ете алмайтынымыз анық. Сезім мен уақыт біздің билігімізде емес, сондықтан оны жүз пайыз бақылауда ұстай алмаймыз.

«Шексіз адал болуға» уәде ете отырып, біз тек сол сәтте бойды билеген шынайылыққа, өмір бойы бірге болуға әрі қарым-қатынас беріктігін сақтауға сөз береміз де, өзге дүниелерге кепілдік бере алмаймыз.

Бүгінгі таңда өмірлік махаббат пен мәңгілік адалдық жоғалғандай. Себебі, қазір белсенді кезеңнің ұзақтығы жоғарылағаны анық. Ат жалын тартып, қамал бұзатын 40 жас өмірдің қызған шағының нағыз бастамасы болса, бір немесе бірнеше бақытты некенің болуы да қалыпты нормаға айналғандай.

Ал өмірлік жарыңыз адал болып, бір некеде ғана болсаңыз, серігіңіз екеуіңіздің араларыңыздағы сенім мен мәңгілік адалдық уәделерін ажырата біліңіз. Келісімдер мен ережелер жиі қайта қарауды қажет етеді. Өйткені адамдар да, өмір жағдайлары да өзгеріп отыратындығы белгілі.

Некелі жардың опасыздығы, сертке деген адалдықты бұзу – ерлі-зайыптылардың өмірін және арадағы барлық келісімді айтарлықтай өзгертетіндігі рас. Тіпті олар некені заңды түрде бұзу қадамыңа да барады. Алайда ажырасу – туындаған мәселенің шешімі емес екенін естен шығармаңыздар. Өз өміріне немесе некесінің қазіргі жағдайына көңілі толмайтын көп жұптар бірге болуға дайын болатын кездер де көп кездеседі. Уақыт, қарым-қатынасты қалпына келтіруге деген өзара ұмтылыс және психологтың көмегі арқылы кейбір некелер, керісінше, берік бола түседі.

Адалдық не үшін керек?

Тұрақтылық сезімін сыйлайды: Егер ерлі-зайыптылар бірлескен демалыс, бюджет, болашақ балаларының саны жайында өзара келісім жасаса, бұл жұп жақындықтың жаңа сатысына шыққандығын және бір-біріне деген сенімнің қалыптасқандығын көрсетеді.
Тұлға кемелдігінің белгісі: Бақытты болуға қажет нәрсенің бәрін жарыңыздан таба білу, өз қажеттіліктеріңіз бен мақсаттарыңызды түсіну және жұбыңыздың осы аталған дүниелерге сәйкестігін байқау.
Шекаралы шектеулер. Кейде адекватты шектеулер үйді айнала қоршаған қоршау сияқты қауіпсіздіксезімін тудырады, қорғайды әрі сырттағы жаудың кіруіне жол бермейді.
Адалдық бұл таңдау. Бұл тұрғыда сіздің діни немесе әлеуметтік нормалар, яки белгілі бір ұстанымдармен жүруіңіз аса маңызды емес. Адалдықтың ала жібін аттамай, оны өмір бойы ұстану туралы шешімді тек өзіңіз қабылдайсыз. Нәпсіңізді жеңу арқылы өзіңізге риза болып, адалдыққа арамдық жасамайсыз.
Ара-қатынастағы жоғары құндылық белгісі: Құндылығыңызды анықтап алыңыз. Өз жұбыңызға адалдығыңыз әрі жарыңыздан да соны күтетіндігіңізаса құнды екендігін жарыңызбен талқылаған жөн.
Қарым-қатынасты жоғалтудан қорқу: Егер бір нәрсені дұрыс жасамаған жағдайда, оның ертеңгі салдарынан қорқу.
Өзгемен осыншалықты жақсы, сабырлы, бақытты болмайтындығын сезіну: Қазіргі жұбынның «сенің адамың» екендігін нақты білу.

Опасыздықтың алдын алу

Өз махаббатыңызды физикалық тұрғыда білдіріңіз. Жанасу, сүйісу, қылымсу, жыныстық қатынас және флирт сіздің ана мен әке ғана емес, ең алдымен әйел немесе ер адам екендігіңізді еске салады.
Бастысы – қарым-қатынасыңыз. Ең бірінші, жұмыстағы мәселелер, демалыстағы жоспарлар, туысқандарыңызбен арадағы дау-жанжал емес, жұбыңызбен қарым-қатынаста туындаған мәселелерді шешіңіз.
Өзіңізді жоғалтып алмаңыз. Күйеуіңіз бенбалаларыңыз – өміріңіздің маңызды бөлігі екендігі даусыз, дегенмен сіздің де қалауыңыз, мақсатыңыз, қажеттіліктеріңіз бар. Егер сіз үнемі өз жарыңыздың айтқаныңа көніп, айдауыңа жүрсеңіз, ал ол сіздің пікіріңізбен келіспесе, жағдайды өзгертетін уақыт келгенін ұмытпаңыз.
Бақылауды азайту. Көп жағдайда біз саналы түрде тікелей сұраудан гөрі өзімізге қажет нәтижеге жету үшін басқа адамды басқаруға тырысамыз. Мұндай сәттегі жаман әдеттер: шағымдану, кінәлау, сынау, күңкілдеу, қорқыту, ашуға бой алдыру әрі дөрекілік таныту.
Күйеуіңіз оны қаншалықты бағалайтындығыңызды білуі керек. Бұл туралы жиі айтыңыз. Сіз көп жыл қатарынан бір дүниені қайталамайсыз, адамдар өседі, дамиды және бір-біріне жаңа қырларынан ашыла түседі. Осыны белгілеп кетіңіз!

 

Оған да уақыт беріңіз, оның әлемі мен жеке кеңістігін толығымен жаулап алмаңыз. Достарымен қарым-қатынас, хобби, көңілге қонымды ойларға шектеу қойсаңыз, оның еркіндік сезіміне тосқауыл болғанмен бірдей («мен торда отырмын» деген сезім пайда болуы мүмкін).
Менікі дұрыс деген қағидадан бас тарт. Келісімге кел. Бастысы дұрыстық емес, бастысы – қарым-қатынас. Қандай жағдай болмасын, осыны есте сақтаңыз!