ДенсаулықСаулық үшін

Адамдар ұйықтап жатқанда неге сөйлейді?

Неліктен адам түсінде сөйлейді?

Статистика бойынша, ғаламда әр 20 ересек  түсінде сөйлейді. Біреулер мұны қызық деп білсе, енді бірі жағасын ұстап, қорқа бастайды. Сонымен, адамдардың түсінде сөйлеуіне не түрткі болады екен? Көрейік!

Ұйықтап жатып сөйлеу құбылысы сомнилоквия деп аталады. Әдетте ұйқыда жатқан адам 30 секундқа дейін сөйлейді. Ол өз-өзімен немесе біреумен диалог құрып отырып сөйлесе алады. Тіпті, ұйықтап жатып өзге тілде әңгіме айтып кететін кездер де болады. Ал таң атқанда олар түнде не істегенін, не деп сөйлегендерін естеріне түсіре алмайды.

Әдетте бұл құбылыс балалар мен жасөспірімдерде жиі байқалады. 3-10 жас аралығындағы балалар ұйықтап жатып сөйлейді. Ғалымдардың сөзінше, бұл баланың психикасында қандай да бір қиындық бар деген сөз емес. Бұл ерекшелік балаға ата-анасынан берілуі мүмкін.

Ал ересек адам күнделікті немесе күйзеліс алған жағдайда ғана ұйықтап жатып сөйлеуі ықтимал.