Cән мен сұлулықБет күтімі

Әдемі болу қанша тұрады?

Таза, мінсіз бет терісі әрбір сырғалының арманы. Ал, жас келген сайын ұсақ әжімдер мен салбыраған теріден құтылып, жастық сезімін созғысы келу де әйелдер үшін заңдылық. Соңғы 5 жылда елімізде эстетикалық косметология белсенді дамып келеді. Сұранысқа ие процедуралар – ботокс, мезотерапия, биоревитализация, филлер, плазмолифтинг. Бұл қандай шаралар? Ол арқылы нендей нәтижеге қол жеткізуге болады? Ең бастысы оның құны қанша? Айтулы сұрақтарға журналистік зерттеу жасап, қалтамызға қанша ауырлық түсіретінін зерттеп көрген едік.

Әлемді құтқарып қалатын сұлулыққа кез келген адам құмартып, жан біткеннің бәрі сұқтанатыны сөзсіз. Сондықтан дүниежүзі ғалымдары неғұрлым жас болудың жолын қарастырып, ұзағырақ қартаймай жүрудің қыр-сырын зерттеп жатыр. Әсемдіктің небір түрін ұсынып, қай жерде болмасын жарқырап жүруіне ықпал етіп, өмір сүруге деген құштарлығын арттырудың ерекше әдіс-тәсілін ойлап табуда. Оны эстетикалық косметология деп атайды. Бұл озық мемлекеттерде, әсіресе, Корея, АҚШ, Бразилия, Жапонияда кеңінен танымал. Енді еліміздегі эстетикалық косметология түрлері мен оның бағасына тоқталып көрелік.

Биоревитализация теріні терең қабатынан гиалурон қышқылымен қанықтыру арқылы тері кемшіліктерін алдын алу және түзету әдістерінің бірі. Теріні тереңнен нәрлендіру және тері серпімділігін қайтару.

Плазмолифтинг адамның өз қанының тромбоциттермен байытылған плазмасының бет терісіне енуі, ол инновациялық емдеу-жасарту тәсілі арқылы жүзеге асады.

Филлербет пен денедегі кемістікті немесе терең әжімдерді түзу мақсатында енгізілетін инъекциялық гель. Көбінесе, жақ, иек, кеуде, ерін сынды мүшелерді әдемі формаға салумен қатар, күлгенде ерін мен мұрын арасындағы (носогуб) сызықта пайда болған әжім орнын толтыруға қауқарлы препарат.  

Блефаропластиканың атқаратын қызметі – жоғарғы және төменгі қабақтағы созылған, әрі артық теріні ота түсірде алып тастау. Айта кетерлігі, блефаропластикаға көбіне азиат типтегі жандар жүгінеді. Қысық көзді ашу үшін де қолданылатын тәсіл.

Мезотерапияаз мөлшердегі гиалурон қышқылы мен дәрумендер кешені. Айтулы процедура теріні тереңнен нәрлендіру, қартаю процессін баяулату және ылғалдандыру үшін инъекция, яғни ине арқылы терінің терең қабатына енгізу арқылы жүзеге асады.

Ботокс – бұл ботулотоксинді препарат. Ол жүйке жүйесін тыныштандыра отырып, терідегі мимикалық бұлшықеттерді жұмсартып, әжімді жоюға үлкен әсер етеді.

Эстетикалық косметология неше тұрады?

Сонымен эстетикалық-косметолигиялық сұлулықтың құны қанша тұрады? Оның бағасын біздің арулардың қалтасы көтере ме? Бұл үшін біз Алматы қаласындағы эстетикалық косметологиямен айналысатын орталықтардың бағасын сарапқа салып көрдік.

Қызмет түрі«Tiffany Plaza»  

«Dalida»

 

 

«Be Allure» 

 

Биоревитализация50 000-70 000 тг35 000 тг12 000-20 000

 

Плазмолифтинг

 

20 000-100 000 тг55000 тг10 000 тг
Филлер (Носогубка)75000 тг30 000 тг30000 тг
Мезотерапия20 000-50 000 тг15 000-25000 тг10 000
Ботокс бутулотоксин (1 бірлік)1600 тг1000 тг.400-500 тг
Блефорапластика150 000 тг
Қорытынды  

316 600-446 600 тг

 

136 000-146 000 тг62 500-70 500 тг

 

Міне, бұл эстетикалық косметологияға кететін қаржы есебі. Әлбетте, шамамен. Аталмыш орталықтардың бағаларының сан алуан болуына бірнеше себеп бар. Мәселен:

  • Дәрілік препараттардың сапасы және қай мемлекеттен өндірілгеніне байланысты. Айталық, Франция, Корея және Швецариялық препараттар құны жоғары.
  • Сұлулыққа қол жеткізем деп таңдаған эстетикалық орталықтың деңгейі де бағасына әсер етеді. Өз өзін жарнамалап, маркетингтік жұмысты қолға алған атақты орталықтардың бағасы ерекше қымбат.
  • Процедураны жасайтын маманның кәсібиліге де құн нарығына әсер етеді. Негізі бұл процедураларды тек кәсіби дерматолог дәрігер жасауы тиіс. Бірақ, қазіргі таңда косметикалық тренингтерге барып, сертификатқа ие болып, сұлулық инъекциясын жасап жүрген мамандар жетерлік.

Қорытынды

Сонымен, біз бүгінгі таңда сұранысқа жоғары 6 процедураға ғана тоқталдық. Оның бесеуі ине салу арқылы жүзеге асса, біреуі ота жасау арқылы қол жеткізуге болатын дүние. Әрине, біз жіктеп берген 6 процедураның барлығы бір адамға қажет болады деп айту артық.

«Шымшық сойса да қасапшы сойсын» деген сөзді есіңізге алып, тек кәсіби маманға жүгінгейсіз!

Иә, сұлулықтың өзіндік бағасы болады! Бұл – ақиқат.