ОтбасыОтбасы бюджеті

Әйелдерде жиі кездесетін 12қаржылық қателік

Әйел заты табиғатынан табысты әрі талантты болып келеді. Бұл – факт. Бірақ қаржы әлеміндегі инвестициялау, ақшаны басқару салаларында басымдық сөзсіз ер адамдарға тиесілі. Бұл мәселеде өзін көрсете алған әйелдердің жетістігі олардың ерекше ақыл-ойымен және еркек мінезділігімен айқындалады. Әрине, бұл таптаурын пікір, алайда көп адамдарда сондай ой қалыптасып қалған.

408Қаралымдар

12 қаржылық қателік

1 Қаржылық сауатсыздық

Қаржылық инвестициялау құралдары (акциялар, облигациялар, қорлары және т.б.) туралы кем дегенде белгілі бір деңгейде білетін әйелдер өте аз. Біз қаржылық біліміміздің дең- гейін арттыруға онша бейім емеспіз және кейбір дүниелерден хабарымыз аз, көмекке мұқтаж екенімізді ашық мойындаймыз.

2 Тәуекел етуге құлықсыздық

Инвестиция салуда көптеген әйелдер ерлерге қарағанда кертартпа әрі мұқият келеді. Олар тәуекелге барғанды ұнатпайды және жинақтарын жоғалтудан қорқады. Бұл – айтарлықтай жаман қасиет емес. Айтулы стратегия кейде орынды-ақ. Бірақ оның кем тұсы да бар – мұндай әдісті қолдану арқылы мол табыс табу мүмкін емес. Тиімді қаржы құралдарын қолданбай болашақта жайлы өмір сүру үшін қаражат жинауға уақыт жеткіліксіз болуы мүмкін.

3 Албырттық және қызбалық

Әйелдер албырт және жоспарда болмаған заттарды сатып алуға бейім, кейде олар қажет емес заттарға да сауда жасап жатады. Нәзік жандылар қызбалыққа салынып, аса үнемділікпен жинаған қаражатын бастапқыда жоспарланған нәрсеге емес, басқа дүниелерге де жұмсап жіберетін кездер жиі кездеседі.

4 Сенімсіздік және тартыншақтық
Әйелдердің бойында қаржылық шешімдерді қабылдауда сенімділік пен жеделдік жетіспей жатады. Қателесуден және ақшаны жоғалтудан қорқатындықтан, олар не ештеңе жасамайды, не бәрін «кейінге» шегеріп, өз мүмкіндіктерін жіберіп алады. Мұндай сенімсіздік пен тартыншақтық әдетте қаржылық мәселелер туралы ақпараттың аздығынан болады.

5 Жауапкершіліктен жалтару

Әйелдер арасында қаржылық әл-ауқатына жауапкершілік пен қамқорлықты кез-келген адамға арта салуға тырысатындар жиі кездеседі. Мәселен, ата-анасына, жұбайына, серіктесіне, қаржы кеңесшісіне дегендей. Сандар мен қаржылық жоспарлардың күрделі әлеміне өзіңіздің араласуыңызтғана сіздің қаржылық жағдайыңызда жауапкершілікті сезінуге және саналы ойластырылған шешімдер қабылдауға үйретеді.

6 Ішкі түйсікке сенбеу

Әйел затының ішкі түйсігі ер адамдардың түйсігіне қарағанда мүлдем бөлек. Өмір  бізге жиі ескерту жасайды, кеңестер береді. Сізге тек өзіңізді тыңдап,  сеніп және жоғарыдан берілген осы артықшылықты пайдаға асыруға үйрену керек.

7 Өзгеге көмек. Жеке жинақтың болмауы

Әйелдер жақындарына, әсіресе,балаларына қол ұшын беруді ойлап, кейде өздеріне қарауды мүлдем ұмытып жатады. Осылай жүргенде зейнет жасына таяп қалғандарын да байқамай қалады. Бұл өзімшілдік те болар, бірақ өзгелерге көмектесіп жүріп, өзіңді де ұмытпауың керек. Ересек балалар үшін сіздің болашақтағы қаржылық тәуел- сіздігіңіз керемет сый болуы мүмкін. Ал сіз өзіңізді масыл адамдай сезінбейтін боласыз.

8 Өте аз және өте кеш сақтау

Бұл қателік алдыңғы бөлімге қатысты. Әйелдер өздеріне ендіь көңіл бөле бастап, зейнетке тақағанда алып-ұшса да жеткілікті қаражатты жинауға уақыты жетпейді. 55 жасқа ьқарай лайықты пассивті табыс алу үшін ақша жинауды ерте бастаңыз.

9 Несие мен несие карталары бойынша қарыздар

Несие карталарына келетін болсақ, ең төменгі пайыздық ставкалары бар карталарды қолданыңыз және үстеме пайыздарды төлеуден аулақ болыңыз. Мүмкін болса, несиелік лимитінізде қалып, ай сайын төлем сомасынан асырмайтын қаржы жұмсаңыз.

10 Отбасында қаржыны талқыламау

Қаржылық мәселелерді бірлесіп шешу және оларды отбасында талқылау, бюджетті бөлу және шығындарды жоспарлау – дұрыс шешім қабыл- дау мен дұрыс қаржылық мақсаттарды кою әдісі. Ал жеке қаржыны есепке алу сізге отбасылық бюджетті басқаруға және артық шығындалмауға мүмкіндік береді.

11 Саналы қаржылық мақсаттың болмауы

Қаржылық әл-ауқат – субъективті ұғым. Бәріміз де өзімізді бақытты әрі бәріне қанағаттанған кездегі өмірімізді мүлдем басқаша елестетеміз. Бұл бізге неге ұмтылу керектігін, қандай қаржылық мақсаттар қою қажеттігін түсінуге және оларға жетудің жолдары мен
мүмкіндіктерін іздеуге көмектеседі.

12 Денсаулыққа бей-жай қарау

Статистика бойынша,әйелдер өз денсаулықтарына көп қаржы жұмсайды. Әйелдердің ұзақ өмір сүретіндігін және денсаулыққа байланысты мәселелер тек қартайған сайын шығатындығын ескере отырып, күтпеген шығындарға қаражат қорын құру немесе сақтандыру бағдарламаларын (денсаулық, өмір,мүлікті сақтандыру) рәсімдеу туралы алдын-ала ойлану артық болмайды.
Статистикалық деректер ерлер менәйелдердің қаржылық сауаттылықтағы айырмашылықтары азайып келе жатқанын растайды. Бұл, әрине, қуантады.

Айтулы тенденцияны өмірдің өзі және жағдайлар тездетеді. Ерте ме, кеш пе, көптеген әйелдер қаржымен айналысуға тиіс. Жиі ажырасу фактілері мен әйелдердің күйеулеріне қарағанда ұзақ өмір сүруі, сайып келгенде, олардың өздерін материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін қамдануға мәжбүр етеді. тАл қаржылық сауаттылық, мұқият жоспарлау және өз күшіне деген сенімділік бай болуға әрі көптеген қаржылық қателіктерден аулақ болуға көмектеседі.