Бет күтіміСұлулық

Қорқынышсыз сұлулық: Әжімге жол жоқ

Бүгінгі таңда anyi-age(анти-эйдж) ем-шарасын жүргізуде гиалурон қышқылы мен гидроксиапатит кальцилі филлердің негізінде контурлы пластика жасалады. Контурлы пластика дегеніміз беттің сұлбасын отасыз қалыпқа келтіріп, терең әжімдерді тегістеу. Қазіргі кеде оны «сұлулық гелі» деп те атайды.

329Қаралымдар

Контурлы пластиканың көмегімен қарттықтың нәтижесінде және қимыл-әрекет барысында пайда болған терең әжімдерді кетіріп, бет терісін серпімді етуге, көз алдындағы салбыраған етті алуға болады. Тіпті мұрынның ұшына да пластика жасатып, күрделі отасыз әдемі қыр мұрынға ие болу мүмкіндік ашылды. Беттің сопақша көрініп, сұлбаның тартымды болуына да  пластиканың әсері зор. Жалпы контурлы пластиканы  иек астындағы, мұрын төңірегіндегі артық еттерді алуға да пайдаланады. Бұл шараны жасағаннан кейін нәтиже бірден көзге айқын байқалады.

Контурлы пластиканың  құрылымы

Гиалуронды қышқыл терінің ылғалды және серпімді болуына жасушалар арқылы әсер ете алады. Өкінешке қарай, жас ұлғайған сайын жасушалардың өздігінен гиалуронды қышқыл бөлуі тоқтатылады. Сондықтан жастығымызды сақтап қалу үшін біз теріге қолдан гиалурон қышқылын дарытуымыз қажет. Айтулы қышқыл жасалынған аймақ пен енгізілген дәріге байланысты 6-8 ай аралығында өз әсерін сақтайды.

Гидрооксиапатит кальциі терінің ең терең қабатына дейін енетін бөлшектеуші филлер. Ол тіпті теріден де терең енетін тіс пен сүйекке пайдалы табиғи компонент болып табылады. Сондықтан оның ағзаға тигізер пайдасы өте жоғары. Бұл құрамды енгізу арқылы ағзадан өте жылдам коллаген бөлнуіне мүмкіндік аламыз. Заманауи косметологияда кальций гидроксипатиті терең әжімжердің пайда болмауына ұзақ мүмкіндік ашатын жетістік болып есептеледі. Ол жұмсақ ұлпалардың орнын толтырып, теріні серпімді әрі жұмсақ ете алады.

Контурлы пластикаға қарсы көрсеткіштер: Жүкті және бала емізу кезінде бұл ем шараны жүргізуге болмайды. Ауыр созылмалы аурулар, қан ұюының бұзылуы, инъекция жасалған аймақтың қабынуы ықтимал. Аспирин қабылдауға болмайды.

Гельдің мерзімі тарағанда не болады?

Инъекция арқылы дарытылған гель тарап біткенде әжімдер қайта пайда болады. Бірақ жоғарыда айтып өткенміздей бұл ем-шарада әжімнен ғана арылмайсыз. Сондықтан ретке келтірілген контурлар сақталып қалады. Бұл ем-шараның жетістігінің тетігі осында десек те болғандай.

Ем-шараның жасау барысы ауыр ма?

Әр адамның шыдамдылығы мен ине қабылдауға деген шыдамдылығы әр түрлі. Кей біреулер «қатты ауырады» деп жатса, енді біреулер шыдауға болатынын айтады. Қалай болғанда да ине салу тіркесін естігенде бір тітіркеніп алатынымыз сөзсіз емес пе? Ем-шараны қолайлы әрі жеңіл түрде өткізу мақсатында ауыртпайтын, ауырғанды сездірмейтін крем жағылады. Крем ем-шара жасалуға 20 минут қалғанда жағылады.

Сұлу болыңыздар!

Марал Құдайбергенова, косметолог