Ақ босағаОтбасы

Ажырасудан кейінгі депрессиямен қалай күресеміз?

Кез келген әйел үшін ажырасу – ауыр сынақтардың бірі. Ал егер ол кйеуінің қалауымен ажырасса тіпті, екі есе соққы алады. Психологтардың пайымынша әйел ажырасқаннан кейін 5 кезеңнен өтеді.

Олар:

  1. Жағдайды қабылдай алмау

Бұл кезеңде әйел таңырқап жүріп, өз эмоциясын басқара алмайды. Мұндай кезеңде жағдайды ушықтырып алуға болады. Біраз уақыттан кейін әйел кішкене сабырға келеді. Алайда бәрібір жағдайды қабылдай алмайды.

2. Ашу мен ыза

Бұл кезең де аса ауыр болып саналады. Оны өткермеу мүмкін емес. Ашушаңдық сезімі ызаға ауысады. Әйел күйеуімен болған келеңсіз сәттерді жиі еске алады. Ол бұрын соңды өзі байқамаған дүниелерге көзі жете бастайды. Мұның соңы депрессияға әкеп соғуы мүмкін.

3. Өзін-өзі кінәлау

Ыза кеткеннен кейін әйел болған іске өзін кінәлай бастайды. Ол бәрін кері қайтарғысы келіп, күйеуімен кездесудің амалын қарастырады. Онымен кездесіп, сөйлескісі келіп тұрады. Ал бұл көп жағдайда жанжалмен аяқталады.

4. Депрессия

Бұл кезеңде әйел барлығын енді қайтара алмайтынын, жағдайдың ешқашан өзгермейтінін түсінеді. Әйел мұны ойлап одан бетер жапа шегеді. Ал оның бұрынғы күйеуі уайым-қайғысыз өз өмірін сүре береді. Депрессия әр әйелде әрқалай өтеді. Біреулер маманның көмегіне жүгінсе, біреулер туған-туысының қолдауына зәру болады.

5. Жағдайды қабылдау

Жоғарыда атап өтілген барлық кезеңнен өткен әйелдің ойы мен сезімі өз қалына келе бастайды. Ол енді осылай өмір сүруі керек екенін түсініп, болашағы жайлы ойлана бастайды. Әйел барлығын өткеннің еншісінде қалдырып, бақытты ғұмыр кешудің қамын жасай бастайды.