Cән мен сұлулық

“АККО” компаниясының Wella оқыту орталығындағы бір күн

Сырласу журналы ай сайын түрлі салонда эксперимент жасайтыны белгілі. Осы жолы қандай шаш бояуының жақсы екенін байқап қайттық.

Журнал ұжымы Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші дистрибьюторлық “АККО” компаниясының Wella оқыту студиясында екі арудың толықтай өзгерісіне куә болды. Мұнда Wella Professionals және Londa Professional секілді әлемдік өнімдердің ресми жаттықтырушылары бар өнерін салған болатын. (Көк жейделі) Индираның шашын өзгерту кезінде Wella Professionals өнімі, KOLESTON PERFECT ME+ жаңа бояуын қолданды. Ал, Аннаның шашын Londa Professional Demi-Permanent AmoniaFree бояуымен өзгертті. Wella оқыту студиясы – жергілікті және халықаралық кәсіби деңгейі жоғары, ең үздік стилистер бас қосқан орта. Бұл жерден шаштараз саласындағы мамандар шаш қию, сәндеу және бояу әдістерін үйретеді. Сонымен қатар, аталған өнімдердің шаш боуға және шаш күтіміне арналған құралдармен жақын таныстырады.