News

Әлемдегі ең бай әйелдің есімі белгілі болды

Әйгілі Amazon команиясының негізін қалаушысы әрі әлемдегі ең бай адам Джефф Безостың әйелі Маккензи Скотт  жаһандағы ең табысты әйел атанды.

Маккензи Скоттың байлығы 68 миллиард долларға бағаланып отыр, осылайша ол әлемдегі ауқатты адамдар рейтингінде 12-орынды иеленді.

Ол байлығы 66,8 миллиард долларға бағаланған L’Oreal компаниясының негізін қалаушы Франсуаз Беткенкур Мейерстің немересі мен жеке капиталы 63,6 миллиард долларға жететін Walmart корпорациясының мұрагері Элис Уолтонды басып озды. Олар сәйкесінше 13 және 16-орындарға жайғасты.

Бұған дейін Маккензи Скотт шілде айында әлемдегі ең бай әйел атанған еді, бірақ бір тәулік өтпей-ақ Франсуа Беттанкурт-Майерс оны қайта басып озған. Алайда сол айда Джефф Безостың бұрынғы әйелі АҚШ-тағы ең бай әйел атанды.

2019 жылы Джефф Безос Маккензимен ажырасты. Олардың жасасқан шарттары бойынша, Маккензи Amazon компаниясының төрттен бір бөлігін алды. Алайда, коронавирус пандемиясы аясында 2020 жылы компанияның бағалы қағаздары екі есеге жуық қымбаттады. Бұл Джефф Безостың байлығын 200 миллиардқа арттырды.