СәнСтилист кеңесі

Алима Болатбек: Киім таңдаудағы 10 қателік

Гардеробыңыз толған киім, бірақ іліп алар, үйлестірер ештеңе жоқ. Бір жерге барайын десеңіз, көп көйлектің ішінен таңдап киер бір зат таппайсыз. Нәтижесінде, тағы киім сатып алуға дүкенге аттанасыз. Бұл көптеген қыздың басындағы жағдай. Мұндай келеңсіздікке тап болмай, әдемі киініп, ақшаны да үнемдеудің 10 жолын стилист Алима Болатбек ұсынады.

Денеге қонымсыз киімді таңдау. Ондай адамдар өзінің бойындағы артышықтар мен кемшіліктерді білмейді. Киім бізге не үшін керек? Киім бізге дене бітіміміздің кемшіліктерін жасырып, әдемілігін айқындау үшін керек. Адам киімді дұрыс қолдана алмаса, кескін келбетін бұзады.

Түстердің дұрыс таңдалмауы. Кейбіреулер өте жарқын түстерді таңдайды немесе бір образға бірнеше түсті қолданады. Мұның бәрі адамның сыртқы келбетін бұзады.

Біріңғай біртекті киімдер кию. Гардеробын ашсаңыз толған бір-біріне ұқаса киімдер. Күнде біртекті образдағы киімдерді кие берсе, бұл жерден стиль деген ұғымды көре алмайсыз.

Алқам-салқам, ұқыпсыз киіну. Яғни, үтіктелмеген киімдер адамның ажарын ашпайды. Ондай киімдер көбінесе лен матадан тігіледі. Дақтар, үтіктемеу, кірлер, жыртылған, сөгілген киімдер образды құртады.

Дұрыс таңдалмаған макияж немесе шаш үлгісі. Бұған көбісі мән бере бермейді. Бірақ бұл әдеттер де образға айтарлықтай нұқсан келтіреді. Егер сіз шаш үлгісін қандайда  бір әшекей бұйымдарды образға сай етіп таңдасаңыз, образ айтарлықтай басқаша жарқырайды. Өйткені бұлар өте маңызды рөл ойнайды. Аксессуарларды адамдар аса бағаламайды. Бірақ олар образға айтарлықтай көрік беретінін ұмытпаған жөн. Олардың болмаса образ тартымды көрінбес еді. Іш пыстырып жіберетіні анық. Сол сияқты макияж бен шаш үлгісі де қатты әсер етеді. Кез келген стилист адамдарға өзгеруге кеңес бергенде олар макияж бен шаш үлгісіне міндетті түрде мән береді.

Әшекей бұйымдарды қолданбау немесе дұрыс таңдамау. Киім үлгісіне сай таңдалмаған әшекейлер де келбетіңіз бен сыртқы көрінісіңізге айтарлықтай нұқсан келтіреді.

Осы аталғандардың бәрі сізде ерекше үйлесіп тұрса да, олар өте әдемі әрі қымбат болса да оның бәрін құртып тұратын нәрселер бар. Өсіп кеткен немесе бояуы жартылай өшіп, қабыршақтанған жұпыны тырнақ, қыз-келіншектердегі мұртшалар, қолтық көрінісі де анайы болса бүкіл кейпіңізге нұқсан келді деген сөз. Ол кезде сізді ештеңе де құтқара алмайды. Осыны ескеріңіз.! Сондықтан бәрінен де бұрын тазалыққа ерекше мән беру керек.

Дәуірлерді үйлестіре алмау. Біріңғай ескі замандағы 60, 70 жылдардағы  киімдерді кию немесе біріңғай трендті киімдерді кию. Егер сіз көне заттарды ұстағыңыз келсе оны қазіргі трендтегі киімдерден үйлестіріңіз. Сонда әжелер сияқты көрінбейсіз. Мысалы, баяғы заманның бір киімін ұнатсаңыз, оны қазіргі бейтарап нәрселермен үйлестіріңіз. Яғни, заман талабын ұмытпаған жөн. Көне заттар мен жаңа дүниені ажыратып, заман көшінен қалып қалмаңыз.

Біріңғай брендік белгілері бар киімдерге әуес болу. Брендтік белгілерді қаптатып қоюдың қажеті жоқ. Егер сіз стиль дегеніміз бұл футболкадағы гучи деген жазу, сөмкедегі болисиага немесе красовкадағы луйсвитон деген жазулар екен деп ойласаңыз, қатты қателесіз. Стиль бұл қаптаған брендтік белгілер немесе логотиптер емес, стильді киіну тек қымбат заттардан тұрмайды. Стиль дегеніміз бұл ең арзан киімнің өзінен де керемет образ жасай алуың. Есте қалатындай, әркім қайырылып қарайтындай бейне жасай алу. Стиль дегеніміз бұл тек бренд емес. Бұлай жасау стильді емес, көбінесе мақтанышты көрсететіндей.

Образдың жағдайға сәйкес келмеуі. Мысалы, театрға немесе операға қысқа юбкамен және 14 см туфлимен келу. Ақшыл қызғылт ерін далабы дегендей. Сондықтан біз мұнда әрқашан дресс-кодты ұмытпай ескеруіміз керек. Жан-жағымызды құрметтеу керек. Кей мерекелік кештерде жиындарда дресс-код айтылған болса оны ұстаған жөн. Яғни, киім кигенде жөнімен орынды киіне білу керек.