СәнСтилист кеңесі

Алима Болатбек: Сәнді болудағы 5 ереже

Алима көпке белгілі fashion-блогер және стилист, сүйікті жар, екі қыздың анасы.  Бүгінде ол қыз-келіншектерге тартымдылық жөнінде әлеуметтік желілер арқылы кеңес беруден жалықпайды.

Стильді көрінудің 5 ережесі

Таза, ұқыпты болуәдемі әрі стильді көрінудің басты талабы.

Өз-өзіңмен болу. Біреудің үстінде, не суретте соншалық әдемі көрінген киімді киіп көргенде өзіңізді ыңғайсыз сезінсеңіз, бұл сіздікі емес. Стильді көріну үшін киімнің әдемілігі емес, оның үстіңізге қонымды болуы маңызды.

Бақылау. Біз өзгелердің образын, киім үлгісін сараптай отырып, дамимыз. Трендтерді, түрлі орынға қандай киімдер киіп баруға болатынын, қай киіммен қай киім үйлесетінін бағамдай аламыз. Дүкенге барғанда дұрыс таңдау жасауға зор мүмкіндік туады.

Шектен шықпау. Ғаламторда кейбір стилистер бірнеше стильді біріктіріп жатады. Кейбірі бір киімді бірнеше үлгіде қолдануды немесе принтті киімдер киюді ұсынады. Бірақ ол үшін үлкен тәжірибе керек. Сондықтан өз стилін іздеп жүргендер ең әуелі тек қарапайым үлгідегі, бейтарап түсті заттарды үйлестіріп үйренгені жөн. Жарқын түстер мен түрлі-түсті принттерден аулақ болғаны дұрыс. Сәнді киіну – ерекшелену, көзге түсу емес, тек үйлесімді киіне білу.

Эксперимент жасау. Біз әдеттегіден басқа киімдерді киіп көрмейінше өз стилімізді таба алмаймыз. Сондықтан батылдық қажет. Кейбірлер белгілі бір түсті, не үлгілерді ұсынсаң, басын ала қашады. Десе де, мен оларға өмірі киіп көрмеген нәрсені ұсынамын. Сол кезде айнаға қарап, өз-өзіне таңқалып, тамсанып жатады. Сондықтан өмірі қолыңызға ұстап көрмеген дүниені байқап көруден қырықпаңыз.