News

AlinEX – Еуразия нарығында ширек ғасыр

Отандық AlinEx бренді жақында өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Айтулы шараны “Alina Group” компаниясы БАҚ өкілдерімен бірге 12 зауытының біріне экскурсия жасаумен жалғастырды.

Баспасөз-тур аясында тілшілерге:
• AlinEX өнімдерінің шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі технологиялық деңгейі таныстырылды;
• Өндірістік цехтардағы ұсақтау, араластыру, қаптау сатылары көрсетілді;
• Шикізаттар мен дайын өнімдердің қоймаларымен танысты;
• Сылау агрегаты арқылы автоматтандырылған тәсіл технологиясы паш етілді;
• Жаңа стрейч худ жүйесімен танысу шаралары өткізілді.

Айта өтейік, AlinEX құрғақ құрылыс қоспалары 25 жылдан бері қазақстандықтардың жүрегін жаулап, әрбір оныншы үйдің сегізінде қолданылған.  Отандық нарықта 25 жыл бұрын пайда болған AlinEX құрғақ құрылыс қоспалары (ҚҚҚ) арнайы кәсіпқойлар үшін жасалған болатын. AlinEX құрғақ құрылыс қоспаларын қолдану саласы кең: жинақтау, сылау, әрлеу жұмыстарын орындау, едендер жабындарының құрылуы, тораптарды өңдеу, гидрооқшаулау жұмыстары, жылуоқшаулау жұмыстары, сәндік жұмыстар және т.б. 

AlinEX брендінің табыс тарихын саралай өтсек:
• AlinEX брендінен түскен табысқа компания Қазақстан бойынша 5 зауыт салды
• 2003-2020 жылдар аралығында AlinEX бренді ҚР тұрғын үй қорындағы 92 мың шаршыны құрғақ құрлыс қоспасымен қамтамасыз етті.
• Бүгінгі таңда AlinEX бренді  Alina Group зауыттарының 49%  құрайды.
• 2020 жылғы көрсеткіш бойынша зауыттардың суммарлы қуаты жылына 948 мың тоннаны құрады.
• AlinEX бренді Қазақстанда бірінші болып құрылыс қоспасын жағуды механизациялады.

• Қазіргі таңда ірі 41 құрылыс нысанында сылау агрегаттары орнатылған.
• AlinEX Қазақстанда бірінші болып құрылыс-сылау материалдарын силосты-көлік тасымалдау жүйесін енгізді.