Ас мәзіріТіскебасар

Алмұрт пен тауық етінен жасалған салат

Бұл тағамдар қарапайым, түсінікті болып көрінгенімен, заманауи тіскебасар тағам түрлеріне жатады. Мәселен, Алмұрт пен тауық етінен жасалған салат өзіндік үлгісі бар классикалық тағам болып саналады.

91Қаралымдар

Құрамы:
Тауық еті ‒ 75 гр
Алмұрт ‒ 100 гр
Балдыркөк сабағы ‒ 30 гр
Дәндер қоспасы ‒ 10 гр
Блючиз ‒ 20 гр
Дәмдеуіш шөптер ‒ 40 гр
Бал-қыша тұздығы ‒ 20 гр
Манго тұздығы ‒ 20 гр
Бал-қыша тұздығына қажетті заттар:
Зәйтүн майы ‒ 150 гр
Күнбағыс майы ‒ 150 гр
Бальзам сірке суы ‒ 100 гр
Дижон қышасының дәні ‒ 50 гр
Тұз ‒ 10 гр
Қант ‒ 15 гр
Қара бұрыш ‒ 5 гр
Бал ‒ 150 гр


Барлық өнімдерді жақсылап жұмсарғанша блендерден өткізіп, соңынан араластырамыз.
Манго тұздығына қажетті заттар:
Манго езбесі ‒ 100 гр
Маракуя езбесі ‒ 100 гр
Күнбағыс майы ‒ 150 гр
Бал ‒ 50 гр
Дижон дәні ‒ 50 гр
Тұз бен бұрыш ‒ дәміне қарай
Барлық өнімдерді жақсылап жұмсарғанша блендерден өткізіп, соңынан араластырамыз.

Дайындау әдісі:
1 Алмұртты сыртқы қабығынан тазартып, жұмсарғанша қайнатамыз. Қайнату барысында
қант, қалампыр, корица, қара бұрыш дәндерін қосамыз.
2 Алмұртпен бірге барлық жоғарыда аталған қажетті өнімдерді араластырамыз.
3 Содан кейін салаттың үстіне бал-қыша тұздығы мен манго тұздығын құйып шығамыз.

Ас болсын!