TrendСән

Алтын бұйымдарды дұрыс тағып жүрсіз бе?

Алтын мен күміс бұйымдарды бірге тағуға бола ма?

Заманауи мода алтын  мен күмісті бірге тағуға мүмкіндік берді. Алайда аксессуарлар өзара үйлесуі керек. Бірнеше жыл бұрын алтын бұйым неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның иесі тартымды көрінетін. Әрине, бұл қате пікір. Ең әуелі атынның салмағына емес, дизайнына назар аударған абзал. Ол ерекше болса, сіз де оны тағып, ерекше болып көрінесіз.

Бір уақытта қанша алтынды тағуға болады?

Бұйымдар өзара үйлессе, тағатын алтынның саны маңызды емес. Алайда олардың әрқайсысы әркелкі болса, жаңажылдық шыршадан аумай қалуыңыз мүмкін.  Адамдардың басым бөлігі алтынды кез келген жерде тағып жүреді. Алайда кей жағдайда бағалы бұйымды образға сай болу үшін қарапайым бижутериямен алмастырған дұрыс. Мәселен, саяжайға барып демаларда бағалы бұйымдарыңызды шешіп тастаңыз. Алтын алқамен суда шомылып жүрген жайлы болмасы анық.

Алтын бұйымдарды тазалап тұрыңыз

Алтын әшекейлерді күтіп ұстау керек. Ол үшін оларды ең әуелі жуып тұрыңыз. Бұйымдарды сабынды суға салып, біраз уақытқа қойып қою керек, содан кейін шайып, құрғатып алыңыз.