ДенсаулықСаулық үшін

Омырау қатерлі ісігі: аурудың 11 белгісі

Сүт безі қатерлі ісігі тек кеуде тұсының тығыздылығымен басталмайды. Сондықтан, жай ғана өзім білемге салып, тексеріп көрумен шектелсек, оның бастамасын жіберіп алатынымыз анық. Көптеген әйелдердің айтуынша, төстің қатерлі ісігі үнемі кеудедегі түйіндер мен тығыздалудан бастау алады. Алайда бұл қауіпті жағдай кеш диагностикаға әкеледі.

413Қаралымдар

Сүт безі қатерлі ісігі түрлерінің белгісі – жалғыз түйнекпен анықталмайды. Әлемдегі әрбір 8-ші әйел сүт безі қатерлі ісігімен ауырады. Егер дұрыс ем жасалмаса, арты өлімге әкеп соғатыны сөзсіз. Сонымен қатар, қатерлі ісікті алдын-ала білген жағдайда, 5 жыл көлемінде 100% кепілдікпен емдеуге болады.

Сүт безі қатерлі ісігінің міндетті түрде білуге тиіс белгілері:    

1.Төс ауырсынып, одан сұйықтық бөлінеді. Төс ісініп кетеді, ұстап көргенде қатты ауырсынады. Сондай-ақ, емшек сүтіне ұқсас сұйықтық бөлінеді.

 2. Төс терісінің өзгеріске ұшырауы. Тері қабыршығы созылады, қатқылданып кетеді. Теріде бүртіктер пайда болып, тегіс болмай қалады.

3. Денедегі жазылмайтын көгерген, ұрылған және кесілген тұстар. Оған дәрілер мен жақпа майларды жақса да әсер етпейді.

4. Үнемі тамақ біту мен жөтел қысу. Кез келген суық тиюге қатысы жоқ дем алуға қатысты мәселелер.

5. Ішектегі және дәрет жолындағы өзгерістер. Зәр шығару мен дәрет алудағы тұрақсыздық пен ауырсыну белгілері.

6. Әлсіреу. Қанша қанып ұйықтаса да, қатты шаршап жүру.

7. Салмақтағы өзгеріс. Ешқандай себепсіз арықтап немесе толып кету.

8. Қолтықтың ісініп кетуі. Кеуде тіндері қолтыққа дейін жалғасын тапқандықтан, ісіну төстен басталмауы да мүмкін.

9. Әйелдің қос алмасы әртүрлі мөлшерде болуы. Ол бірден байқалады.

 10.  Дененің ауырсына қышынуы. Қышыну арқылы денедегі сұйықтықтың жиырылуын, лимфа тамырларының бітелуі мен ісіктердің пайда болуына байланысты жаңа қан тамырлары өсуіне ықпал етеді.

11. Арқа жоғарғы тұсындағы ауырлық. Қатерлі ісік арқадағы ауруды қоздырып, ісік ұлғайған кезде жүйке жүйелеріне мен сүйектерге әсер ететін болады.

 Дәрігердің қабылдауына қашан жазылу керек?

Етеккіріңіз келіп кеткеннен кейін бірнеше күннен соң, төсіңізді өзіңіз тексеріп отырыңыз. Кеуде тұсыңызды, төсіңізді және қолтығыңызды қысып, біраз ұстап көргенде, шиырланған тығыздықтың бар-жоғы білінеді. Аурудың 20% әйелдердің өзіне анық байқалады. Десек те, өз-өзіңізге диагноз қоймаңыз. Маммолог маманға барып, дәрігердің кеңесіне құлақ түріңіз. Егер жоғарыда айтылғандардың ішіндегі екі белгіні тапсаңыз, кейінге шегермей бірден емделгеніңіз жөн.