Бала саулығыОтбасы

Аналарға кеңес: Сәбиді аралас тамақтандыру

ДДС ұйымы нәрестені емізуді ұсынады — себебі сәби үшін ана сүті ең пайдалы тағам. Алайда ана денсаулығына байланысты кей кездері емізу мүмкін болмай жатады. Мұндайда аналар аралас тамақтандыруға немесе толығымен сүтті қоспаларға өтуге мәжбүр.

Аралас тамақтандыруда сүтті қоспаны таңдау шарттары

Нәрестені аралас тамақтандыруға бел бусаңыз сүтті қоспаны бірнеше маңызды көрсеткіштер бойынша таңдағаныңыз абзал. Мұндайда:

✅ Баланың жасы.Сүтті қоспа нәрестенің жасына қарай 0-6 ай, 6-12 немесе 1 жастан жоғары деген шарттармен таңдалуы тиіс. Сүтті қоспаның құтысында бұл міндетті түрде көрсетіледі.

✅ Сүтті қоспаның бейімділігі. Бейімделген сүтті қоспалардың құрамы мүмкіндігінше ана сүтіне ұқсас жасалады, бейімделмеген сүтті қоспалардың құрамы анағұрылым қарапайым.

✅ Сәбидің асқазан-ішек жолының бүгінгі жағдайы және сүтті қоспалар мен ондағы компоненттерге қарсы көрсетілімінің болмауы. Кейбір нәрестелерде лактозаға аллергия бар. Мұндайда аралас тамақтандыру үшін лактозасыз сүтті қоспалар таңдау қажет, ал емізерде ана арнайы ферменттер ішу керек.

✅ Сүтті қоспаның негізгі құрамы. Сүтті қоспаны таңдар кезде оның құрамын жіті оқып, зерттеу керек: «қажетті микроэлементтер мен дәрумендер, қышқылдар, бифидобактериялар, пребиотиктер бар ма, жоқ па; Қоспаның негізгі құрамы сиыр немесе ешкі сүтінен бе» деген басты сұраққа жауап тауып алыңыз.

Аралас тамақтандыру ережелері

Балаңызға ең ұтымды сүтті қоспаны және оны беру кестесін сізге тек педиатр дәрігер ұсына алады. Десе де, әрбір ана білуі тиіс негізгі принциптер де жоқ емес.

  • баланы алдымен ана сүтімен емізіп, тек содан кейін ғана тоймаса сүтті қоспаны берген жөн;
  • сәбиді емізіп отырғанда омыраудан тез жұлып алуға асықпаңыз. Олай болған жағдайда омырауыңызда сүт қалып кетеді, ал нәрестеге көбірек сүтті қоспа беруге тура келеді;
  • егер нәрестеге бірінші рет сүтті қоспа беріп отырған болсаңыз алғашқы дозасын 20-30 мл-дан асырмаңыз. Осылайша жаңа тағамға аллергиясы жоқ па, денесіне бөрітпелер пайда болды ма, баланың іш қатуы жоқ па, лоқси ма жоқ па деген сауалдарыңызға жауап табасыз;
  • сүтті қоспаның көлемін күн сайын аз аздан көбейтіп отырыңыз;
  • әр тамақтандыру үшін қоспаның жаңа дозасын әзірлеу қажет;
  • бала рационына сүтті қоспа қосылған соң тамақтану кестесі қажет, ол бұрынғыдай кез келген уақытта ана сүті сияқты тамақтанбауы шарт;
  • егер сәбидің қосымша тамағы 50%-дан асса міндетті түрде су берілуі (тәулігіне 20-50 мл) тиіс;
  • нәресте қосымша тамақ ішкен соң денсаулығы сыр бере бастаса бірден тоқтатып, дәрігер кеңесіне жүгініңіз.

Жаңа туған нәрестеге сүтті қоспаны қалай таңдау қажет

Кез келген ананы «сәбиіме қандай қоспа берсем болады» деген сауал мазалайтыны рас. Аралас тамақтандыруға арналған үздік өнім Kabrita сүтті қоспасы. Ол – жаңа туған нәрестелермен қатар ересектеулеріне де арналған бейімделген сүтті қоспа. Ешкі сүті негізінде жасалған қоспа майлы және ақуызды құрамы бойынша барынша ана сүтіне ұқсас, сол себепті сәбидің жақсы өсуі мен дамуына белсенді әсер етеді.

Аралас тамақтандырудың сәтті болуы қосымша тағамды қалай таңдағаныңызда, сондықтан айтулы мәселеге барынша көңіл бөліңіз.

Өмірге жаңа келген сәби үшін ана сүтінен асқан тағам жоқ. Бала рационына қосымша тағам енгізбес бұрын мамандармен кеңесіңіз.

Ұқсас мақалалар:

Сәбиге қажет ТОП 4 өнім

Бала иммунитетін көтеріңіз