Ас мәзіріТіскебасар

Ақсерке қосылған профитроли

351Қаралымдар

Құрамы:

Сары май – 75 гр

Су -95 мл

Сүт – 95 мл

Татымына қарай тұз

Қант 1/2 ш.қ.

Жоғарғы сортты ұн – 115 гр

Жұмыртқа – 3 д

Кілегейлі ірімшік 200-250 гр

Дайындау әдісі:

  1. Алдымен кәстрөлге су, сүт құйып, тұз, қант, май қосып, қайнатып алу қажет.
  2. Кейіннен қоспаға ұнды салып, қамыр тығыздалғанша ыстық отта араластыру керек. Артынша отты сөндіріп, суыған қоспаға жұмыртқаларды асықпай саласыз.
  3. Суыған қамырды кондитерлік қапқа салып, пештің табасына пішінін дөңгелектеп, әдемілеп орналастырыңыз.
  4. Қамырды 190 градуста қызып тұрған пешке салып, 30-35 минут пісіріңіз. Бұл уақытта салмасына кірісуге болады. Ол үшін ақсеркені алдын ала жіңішке етіп турап аласыз.
  5. Профитроли пісіп, дайын болғаннан кейін екіге, арасына кілегейлі ірімшік салып, үстінен кесілген ақсеркені қоясыз. Соңынан ақжелкенмен әсемдеп, ұсынсаңыз болады.