Без рубрики

Ара-қашықтықтағы махаббат

609Қаралымдар

Басқа қалаларда, әлемнің екі шетінде жүріп жұптардың сезімдерін суытыпаудың амалы бар ма? Көбі қашықта жүріп махаббатты сақтау мүмкін емес дейді. Арадағы мыңдаған шақырым ғашық жандарға шектеу қояды. Сағыныш, кейде қызғаныш жағдайды ушықтырып жіберетіні рас.

Қазір айшылық алыс жерлерден жылдам хабар жеткізетін байланыс құралы көп. Бейнеқоңырау арадағы мыңдаған шақырымды жоққа шығарады. Әлеуметтік желіде бір-біріне лүпіл басып, өздеріне назар аудартады. Дегенмен, қашықтағы ғашығыңызға байланып қалудың қажеті жоқ. Қанша дегенмен, сіз – жеке бір тұлғасыз. Сүйіктіңізден бөлек достарыңыз, ата-анаңыз, жұмысыңыз бен хоббиіңіз бар. Мұңайып уақыт жоғалтпаңыз! Бұл жағдай мәңгілік емес.15 сәуір Ғашықтар күніне орай психолог мамандар ұсынған пайдалы кеңестерін ұсынбақпыз.

Тым көп хабарласып, бір-біріңізді мезі қылмаңыздар

Тәулік бойы құлағыңыздан телефон түспей, сәт сайын сүйіктіңізбен сөйлесу екеуіңізге де тиісміз. Мұның соңы жақсылықпен бітпейді. Керісінше, жағдайды ушықтырады. Бұл жерде «Қаншалықты аз болса, соншалықты жақсы» деген ереженің пайдасы мол. Сирек, алайда әсерлі жазылған хабарлама, шалынған қоңырау араларыңызды одан әрі жақындатары анық.

Болашақты жоспарлаңыздар

Жұптар мәңгілік бір-бірінен алыста болмасы белгілі. Дәл қазір екеуіңіз екі қалада, әлемнің әр түкпірінде өмір сүргеніңізбен, бір күні жолдарыңыз түйісетіні анық. Демек, болашақты жоспарлайтындай нақты себеп бар.

Адал болып, сеніңіз

Сезім, сенімсіздік, қызғаныш пен қорқынышыңызды бір-біріңізден жасырмаңыздар. Уайымыңыз болса, іштей тынып қалмай, сүйіктіңізбен бөлісіңіз. Ерте ме, кеш пе, бәрінің ортаға шығатыны анық. Сондықтан, жасырудың қажеті жоқ. Ашық, адал, қайырымды болып, көрсеткен қолдауынан бас тартпаңыз.

Тұрақты болыңыз! Тосынсый әзірлеңіз.

Әрдайым «Қайырлы таң», «Қайырлы түн» тілеуді әдетке айналдырыңыздар. Сонымен қатар, күніңіздің қалай өткенін, болған әсерлі оқиғаларды баяндап беріңіз. Бірде бейнеқоңырау шалып, енді бірде тек хабарлама жазыңыз. Басқа күні сурет, дауыс хабарласамын жіберіп тұруға тырысыңыз. Осылайша, сезіміңіз бен қамқорлығыңызды танытып, көңіліңізді білдіре аласыз.

Айтулы күндерді ұмытпаңыз

Сергіңіздің жұмыс, сабақ уақыты, маңызды кездесуге қай уақытта баратыны қаперіңізде жүргені жөн. Бұл оған қолайсыз уақытта хабарласып, ыңғайсыздық тудырмас үшін қажет. Сонымен қатар, туған күн, диплом алу, марапатталу немесе отбасылық салтанат секілді маңызды күндері қоңырау шалып, құттықтауды, сәттілік тілеуді ұмытпаңыз. Мүмкіндігіңіз болса, гүл, тарту жібертіп, тосынсый жасаңыз. Бұл ұзынсонар хабарлама жазғаннан, ұзақ сөйлескеннен әлдейқайда пайдалы. Одағыңыздың беки түсуіне оң ықпал етеді.

Man and woman lying back to back on large heart, both looking at laptop computers

Ортақ қызығушылық болсын

Бірге онлайн-ойындар ойнаңыз, YouTube-тен бір фильм, ролик көріп, талқылаңыздар. Ол гитара ойнап отырған кезде бейнеқоңырау шалып, бірге ән салыңыздар. Әлемде болып жатқан барлық нәрсені талқылап, пікір алмасыңыздар. Бір-біріңізге кітап, сериал, фильм, ән жинақ, жаңалық ұсынып тұрған жөн. Бұл ортақ әңгімеңізді көбейтіп, одан әрі жақын болуыңызға ықпал етеді.

Естелік заттармен алмасыңыз

Тұмар, алқа, сақина, білезік, ән жинақ, бейнеролик немесе құтыдағы әтір ме, не екені маңызды емес. Адамдарға нақты бір затпен байланысты естеліктер жағымды әсер қалдырады. Сүйіктісін және сол бір бақытты сәтті ойлап, жүзіне күлкі үйірілері анық.

Бір-біріңізге қыдырып барыңыздар

Ара-арасында кездесіп тұру – шалғайдағы сүйіктіңмен қарым-қатынасты жандандыра түсудің мүмкіндігі. Сонша уақыт бойы бір көруге ынтызар болып, сағыныса көрісудің өз ләззаты бар.

Хат жазыңыз

Серігіңізге пошта арқылы хат жіберуді әдетке айналдырыңыз. Электронды пошта арқылы жіберілген хаттан классикалық хаттың әсері мүлде бөлек. Әдетте айта алмайтын сиқырлы сөздердің қағазға өздігінен төгілетін қасиеті бар. Бұл екеуіңізге де керемет естелік болары анық.

Құмарлықты қалай басасыз?

Шалғайда жүрген сүйіктіңіздің ыстық құшағын аңсайтыныңыз анық. Мұндайда ынтызар көңілді басу үшін қызығушылығын оятатын, жалындаған қалауыңызды, емеурініңізді танытып хат алмасыңыз. Бұл тек екеуіңіз ғана білетін құпия болып қалмақ.