News

Интерьер дизайнерлерінің жабық кездесуі өтті

Syrlasu Media баспасы 5 маусым күні Алматыдағы интерьер дизайнерлердің басын қосып, арт-таңғы асқа шақырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – интерьердегі соңғы трендттермен таныс болу және дизайнерлер мен БАҚ арасын жақындастырып, серіктестікке жол бастау.

Жиынды Syrlasu Media баспасының директоры, Сырласу журналының бас редакторы Кәмшат Әкімқожақызы ашып берді. Кәмшат ханым журнал тарихынан сөз қозғап, “Сырласудың” интерьер дизайнерлерге арналған айдарымен таныстырды. Сонымен қатар, шараның мақсаты мен міндетіне тоқталды.

Іскерлік таңғы астың басты спикері –  ҚР сәулетшілер мен дизайнерлер ассоциациясының төрайымы Лаура Шәріпова. Лаура ханым құттықтау сөз сөйлеп, қазіргі дизайнерлер қызметінің дамуы жайында баяндады.

Шараға құрметті қонақ ретінде шақырылған тележүргізуші  Адель Смит қонақтар арасында ұтыс ойнатып, жеңімпаздарды анықтады. Лотерея кезінде косметикалық жиынтықтар, THOMAS компаниясының көрпесі және ең басты сыйлық THOMAS-тың шаңсорғышы ойнатылды.

Одан әрі дизайнер Яна Магазова гипстен оюлы жапсырмалардың қалай жасалатынын көсетіп, шеберлік сыныбын өткізді. Сонымен қатар, экологиялық таза бояулар ұсынатын Alina group компаиясының өкілдері өз өнімдерін таныстырды. Smart Water компниясы интерьердегі жуынатын бөлменің маңыздығы жайында сөз қозғады.

 

“Сырласу” журналының бас кейіпкері болған, суретші, психолог  Жанар Нүкетаева Қазақстанда енді дамып жатқан тета-хиллинг медитациясымен таныстырды. Жанар ханым келген қонақтармен бірге медитация жасап, бір серпілтіп тастады.

Рухани әрі іскерлік мақсатта жүзеге асқан шараның нәтижесінде мамандар бір-бірімен әріптестік байланыс орнатып, өзге компаниялармен серіктестік жөнінде келісіп жатты.