ДенсаулықСаулық үшін

Артық салмақтан арылу - күрделі, ұзақ әрі қырауар еңбекті талап етеді. Дәл осы себепті, кәсіби диетолог тексермесе қазір жалған мәліметтер өте көп. Біз Herbalife Nutrition компаниясының тамақтану сарапшысы Александр Мартынчуктен кеңес сұрап хабарласқан едік. Ол диета, сәнді тренд және дұрыс тамақтану туралы халық арасында кең тараған қисынға келмейтін аңыздардың тізімін ұсынды.

 

№1 аңыз: 

Майсыз тағамдар мен қант өнімін алмастырғыштар арықтауға көмектеседі

Біздің терімізге май аса қажет. Көптеген майлы тағамдарда кездесетін холестерин жасуша қабырғаларының берік болуын қамтамасыз етеді, гормондардың түзілуіне және кейбір дәрумендердің сіңуіне көмектеседі.  Сәбіз шырынына бір тамшы өсімдік майын немесе кілегейді тамызсақ, не болатынын бала күнімізден білеміз ғой?! Бұл – бу мен  майдың қосылуынан пайда болатын бета-каротин. Мен әрдайым ақиқат бір жақты емес, дәл ортада деп айтамын. Яғни, май пайдалы екен деп, түбегейлі етке көшіп кетуге мүлде болмайды. Барлығы өз нормасынан ауытқымауы тиіс. Енді қант өнімін алмастырғыштарға тоқталайық. Ас қорыту жүйесі қай тағамды қалай қорыту керегін біледі. Ол нақты алгоритммен жұмыс істейтінін ұмытпайық! Қант өнімін алмастырғышты тұтынған кезде тәтті жегеніңіз туралы дабыл келеді, алайда құрамы белгісіз болғандықтан қалай қорыту керек, қандай ферменттер бөлінуі тиіс екенінен жаңылады. Осылайша, метаболизм бұзылып, ағзаңыздың жұмысы нашарлай бастайды.  Осыдан кейін басқа да жасанды тәттілердің қаншалықты зиян екенін айтып жатудың өзі артық.

Мен дәл осындай пікірлерді естіген кезде, ол адамға мүлдем тамақ ішпеуге кеңес беремін. Иә, осылайша артық салмақтан тез арыласыз, бірақ онымен бірге денсаулық, жақсы көңіл күй мен ағзаңызға қажетті нутриенттер де жойылады. Арықтау мәселесіне келгенде мұндай қатаң және өзгертуге келмейтін темірдей тәртіптің қажеті шамалы. Біз бір бірімізге ұқсамаймыз. Әрқайсымызға жеке әдіс керек. Дегенмен, негізгі тәртіпті естен шығармайық. Ең бастысы – әрбір адам тұтынуы тиіс нәруыз, май және көмірсудың тепе-теңдігі сақталуы қажет. Иә, асты күніне бір рет көп мөлшерде тұтынуға болады. Бірақ одан пайда жоқ. Біздің ағзамыз көп тағамды бірден қорыта алмайды. Нәтижесінде кері әсер етіп, іш қатып, ағзаның жалпы жағдайы нашарлайды. Сондықтан аз және сирек тамақтанудың мәні жоқ. Дені сау адам күніне 3 рет тамақтанып, екі рет жүрек жалғап алу тиіс. Егер арықтап, арманыңыздағы мүсінге қолжеткізуге шешім қабылдаған болсаңыз, онда рационды мұқият таңдау керек. Қазір дұрыс тамақтану туралы ақпарат өте көп. Шатасу оп-оңай. Шалыс баспас үшін салауатты тамақтануға өту процесі жайлы білікті маман кеңес беріп, көмектессе нұр үстіне нұр.

Мұндай қолдау көрсететін орындар да бар. Мысалы, Herbalife Nutrition-ның Тәуелсіз Серіктестерінің Салауатты өмір салты клубын айтуға болады. Бұл жерде тамақтану әдетін өзгерткен жандарды көзіңізбен көріп, ерік-жігеріңізді шыңдап, жеке тамақтану жоспарын аласыз.

№3 аңыз:

Полиэтелен таспамен орау және жылы киім майды жылдам кетіруге көмектеседі

Егер кешкі асқа тойып, «ғажайып» таспаны орап алып, төсекке жата қалсаңыз, онда сіздің арықтау мүмкіндігіңіз 0%. Есесіне, артық салмақты жинайтыныңызға 100% кепілдік беремін. Қалың киініп алып, спортзалға барып жаттықсаңыз, әрине, арықтайсыз. Бірақ бұл жерде қалың киімнің де, таспаның да сіздің артық салмақтан арылуыңызға еш қатысы жоқ. Сіз физикалық жүктеменің арқасында мақсатыңызға жетесіз. Біздің психикамыз қызық, «ғажайып» көмекшінің арқасында бәріне қолжеткізгіміз келеді. Бұл әлсіздігімізді маркетологтар өз пайдасына қолданады. Арықтағыңыз келеді, бірақ соңғы үлгідегі аяқ киіміңіз бен футболкаңыз болмағаны үшін немесе ультрасәнді спорттық гаджетке ақшаңыз жетпегені үшін фитнеске баруға түбегейлі шешім қабылдамай жүрсіз. Қамықпаңыз! Ауа райына сай киініңіз де, саябаққа не үйдің жанында жаяу серуендеуге шығыңыз. Денсаулығыңыз бен көңіл күйіңіз мүмкіндік берсе, жүгіріңіз. Бұл су тегін және арықтауыңызға шынымен көмектеседі!

80 жылдардағы диетолог Ансель Кистің шығарған дәл осы теориясы кең таралып, бүгінгі күні оның күлі көкке ұшты. Заманауи мамандар қант пен трансмайларды аз тұтынуға кеңес береді. Біріншісінің зиянын өзіңіз де білетін боларсыз. Трансмайларға қатысты көптеген зерттеулер жүргізіп, зиянын дәлелдеп келеді. Трансмайлар – сутектендіруге ұшырататын өсімдік майлары. Нәтижесінде молекула құрылымында май қышқылы бөлінеді. Ол адам ағзасына түсіп, тағам жасушаларының жұмысына кедергі келтіреді. Зат алмасу процесі бұзылып, қатерлі дерттің тууына жағдай жасайды. Трансмайлар маргарин мен спреда көп кездеседі. Оларды өндіріс орындарынан шығатын нан өнімдеріне, фаст-фудтарға, чипс, снэк, майонез, кетчуптерге жиі қолданады.

№5 аңыз:

Диетасыз спортпен шұғылдану арықтауға көмектеседі

Тамақтануға мән бермей спортпен саналы түрде шұғылдану мүмкін емес. Жаттығу залына баруға шешім қабылдаған жанның әрбірі білуі тиіс қарапайым ережелер бар. Спортпен шұғылдануға 1 сағат қалғанда тамақ ішуге болмайды. Арықтағыңыз келсе, залдан шыққан соң тағы да 1-2 сағат шыдай тұруыңызға тура келеді.

Мұның шынайы өмірде қалай жүзеге асатынын көрейік. Түсінікті болу үшін  бас кейіпкерімізді ойлап табамыз. Оны Жанна дем атауды ұйғардым. Жанна әдеттегідей жұмыстан кейін спортзалға барады. Жаттығу алдында болмайтындықтан кешкі асын ішпейді. Ол уақытын белсенді өткізкен соң, көлігіне отырып үйіне қайтады. Душ қабылдап, жеңілдеп қалады. Сосын, қарнының ашқанын сезе бастайды. Қанша дегенмен, түстен бері нәр татқан жоқ қой. Жанна тоңазытқышты ашып, қолына түскенді жей бастайды. Нәтижесі – түнде артық тамақтану. Мұндай астың дені қорға жинала береді. Күшті қалпына келтіріп, жасушаларды жаңартудың орнына, азға өзі қалған ауыр тамақтарды сіңірумен айналысады. Таңертең Жанна кешегі тоя жеген астың зардабын бірден көреді: көзінің асты ісіп, шаршап тұрады. Мен бұл бикешке кешкі асқа не тұтынатынын қайта қарастыруды ұсынамын. Рационына жеңіл әрі теңестірілген тағамдарды енгізуі керек. Мысалы, Herbalife Nutrition компаниясының Формула 1 Кешкі коктейлін мәзіріне қосуы керек.

Коктейльді дайындау бірер минуттық жұмыс. Сүт немесе йогурт қосып, нәруызға және барлық қажетті микро, макроэлементтерге бай, толыққанды кешкі асты тұтынады. Кез келген көкөніс немесе жеміс қосуға рұқсат. Сонымен қатар, коктейльден ұйқының қанық, сапалы болуына әсер ететін гормон бөлінеді. Демек, сусынды ішкен соң келесі күніңіз табысты болары анық.

Тағы бір кішкентай құпияны ашқым келіп отыр. Жаттығу кезінде ағзаға оттегі жетіспей қалады. Спортпен айналысып болған соң, оны қалпына келтіруге болады. Бұл уақытта ағзаға түскен оттегі майды қышқылдандырып, жүздеген калорияның ыдырауына септігін тигізеді. Сондықтан, спортзалдан шыққан соң міндетті түрде 30 минуттай жаяу серуендеңіз!

Бұл – арықтау туралы аңыздардың арасындағы ең кең тараған түрі. Мұндай тәртіп өмір салты әр түрлі жандар үшін әделетті шешім емес. Егер түнгі ұйқыға сағат 22.00-де жататын босаңыз, онда бұл режим сізге лайық. Ал, керісінше түнжарымына дейін ұйықтамайтын болсаңыз, онда кешкі асты кешірек ішкен жөн. Бірақ, сағат 22.00-ге дейін үстел басынан тұрыңыз. Сағат кешкі оннан кейін асқорыту жұмысы баяулайды. Барлық салауатты өмір салтын ұстанатын жандарға арналған қарапайым ереже бар: кешкі асты ұйқыға жатардан 3-4 сағат бұрын ішу керек. Арықтауды қолға алғандарға айтарым: таңғы және кешкі астың арасы 8 сағаттан аспауы тиіс. Яғни, таңертең сағат 9:00-де тамақтансаңыз, онда кешкісін сағат 17:00-де ас үйге бас сұққаныңыз жөн. Ең бастысы, аш құрсақпен ұйқыға жатпаңыз! Оның кесірінен ұйқы бұзылып, адамның еңбек өнімділігі төмендейді.

№7 аңыз:

Арықтау үшін көкөніс пен жеміс жеу керек

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вегетариандықты тамақтанудың ең тиімді түрі деп санайды. Әрине, осы дұрыс екен деп, бәріміз бір күнде еттен бас тартқанымыз жарамайды. Шешімді ойланып барып қабылдаған жөн, ал  тек өсімдікпен тамақтануды бірте-бірте қолға алған абзал. Қалай десек те, зиян азық-түліктен қол үзгеннің өзі денсаулыққа орасан зор пайда алып келеді. Дүкен шұжығын, жартылай дайын өнімдерді, өте майлы етті, макаронды, тәтті мен ұнды тағамдарды тұтынбасаңыз, мұның өзі үлкен жеңіс.

Арықтау мәселесіне қайта оралайық! Бұл жағдайда көкөністер жақсы көмектеседі. Алайда, жемістерден абай болу керек. Кейбір жемістерде қышқыл мен қант көп. Ең бастысы, ақуыз, май және көмірсудың тепе-теңдігін сақтауды ұмытпаңыз! Ас мәзіріңізде жеміс-жидектен бөлек дәнді дақылдар, бұршақтар мен майлар болуы тиіс.

 Осы уақытқа дейін арықтау туралы не оқып, не естісеңіз де әмбебап ереженің жоқ екенін естен шығармаңыз! Біз бір-бірімізге ұқсамайтын дарамыз, осыны ескергеніңіз жөн.

Әрине, әртүрлі әдістерді қолданып, бірнеше рет қателесіп өзіңізге лайықты тамақтану тәртібін табуға болады. Бірақ, ол үшін уақыт, мол ерік-жігер керек. Оның басқа да жолы бар: дереу өз ісінің мамандарына, тамақтану жөніндегі кеңесшілердің көмегіне жүгінуге болады. Олар сізге лайықты тамақтану тәртібін дайындап береді. Сізбен бірге нәтижелі жұмыс істеуге дайын. Бұл жол да күш пен уақытты талап етеді. Бірақ, белгілі ізбен жүріп, қателесіп адаспайсыз. Әрі көздеген мақсатыңызға тез арада жетесіз!