ДенсаулықДиета және фитнесСаулық үшін

Арықтауға арналған кеңестер

Балық майы арықтатады. Капсуладағы балық майы салмақ түсіруге көмектеседі. 3 ай бойы балық майын арнайы ережеге сәйкес қабылдаған 88 толық адамды тексерген дәрігерлер осындай қорытындыға келген. Аптасына 3 рет күнделікті балық майын ішкен адам 30 минут бойы  сергек түрде жаяу жүрген. Бұл адам 4,4 келіге арықтаған. Оның үстіне үйреншікті ережемен тамақтанған. Ал, балық майын ішпей, бірақ 30 минут бойы жаяу жүргендердің салмағы бұрынғыша қала берген. Сондықтан, балық майының пайдасына кенелгіңіз келсе, айтулы ережеге сүйеніп көріңіз. Айта өтейік, балық майының құрамында холестериннің деңгейін реттейтін ағзаға пайдалы Омега-3 май қышқылдары бар.

Етті саңырауқұлақпен алмастырыңыз. Сұйық тағам майлы болмауы үшін  оны еттен немесе сүйектен емес, саңырауқұлақпен пісіріңіз. Саңырауқұлақтағы ақуыз мөлшері еттікімен бірдей. Саңырауқұлақ негізіндегі сорпаға кез келген тағамды пісіруге болады. Мәселен, борщтың дәмі сол қалпы қалады. Тамақтануыңызда ақуыз мөлшері азаймағанымен, тағамның құнарлығы айтарлықтай төмендейтін болады. Осылайша, қыпша белге оңай қол жеткізесіз.

Тамақты бөліп ішу мәселесі қазір дауға айналды. Бөліп тамақтану ережесі – көмірсулы азық пен  ақуызды тағамды бөліп жеу керек дегенге саяды. Ақуыз бен көмірсуды бірге жегеннен кейін асқазан мен тоқ ішекте ашу мен шіру процестері орын алады. Азық ағзаға дұрыс сіңбей, ашымаған май мен көмірсулар қажетсіз жерлерде «отырады». Бірақ, адам ағзасында  азықтың кез келген түрін қорытуға арналған ферменттер бар. Ал, ашу процесі – бұл қорытыудың негізі саналады. Сол себепті асқазандағы ақуыз бен көмірсулардың дау-жанжалдары жайлы ойланбай, олардың санын азайтуға тырысыңыз. Етке гарнир ретінде картопты емес, буға піскен орамжапырақ, қызанақ, бұрыш немесе кәдіні таңдасаңыз болғаны.