Ақ босағаОтбасы

Ашық түс – БАТЫЛ ИНТЕРЬЕР

Сати ХАСАНОВА,
интерьер дизайнері
+7 707 154 15 38
saty_interior

 

 

Бір күні маған 6 адамнан тұратын отбасы көмек сұрап келді. Яғни олар өздеріне жайлы әрі әдемі пәтер жобасын жасауымды өтінді. Пәтерде 3 жатын бөлмесі бар және 3-ші жатын бөлме өте шағын болды. Менің мақсатым бәрінің бабын табу болатын.

 

 

Жиһаз орналастыру
Ең алдымен, мен жиһаздың нақты әрі ыңғайлы орналасуын қарастырдым. Үлкен гардеробты, жуынатын бөлмені және душты, студиялық ас үй мен 3 жатын бөлмесін бөлек жасадым. Егер пәтердің стилі туралы айтатын болсақ, онда ол қазіргі заман мен гламурдың тоғысына сай болды. Ал енді осы жобаға бірге көз жіберсек.

Ас үй
Ас үй үшін тамақ ішетін үстелдің терезенің жанын- да болғаны маңызды еді, осылайша әр кеш отбасы мүшелері ауқаттануға жиналып, даладағы тамаша көріністерді бақылап отырады.

 

Жуынатын бөлме
Буферлік аймақта кең дәліз болғандықтан, жуынатын бөлмеге артық орын алмау үшін сәнді шкаф қойдық . Жуынатын бөлмелер әдемі әрі стильді шықты.