Ас мәзіріНегізгі асСалат

Дәмі тіл үйірер Азия тағамдары

Алматы қаласындағы “12 MUQAM” мейрамханасының бас аспазы Бахадүр Құрбаналиев сіздерге өзінің жеке рецепті бойынша дайындалған салат пен дәмді асын түрін ұсынады. Бұл талғампаз әрі романтикалық тағам түрі. Салат ыстық күндері тіскебасар және негізгі тағамдарға өте жақсы үйлеседі. Оны жаздың ыстық күндері кереметтей кешкі ас ретінде де ұсынуға болады. Бұл тек бұзау етінен емес, көптеген ет түрлерінен жасала береді. Ет пен көкөніске соя тұздығын қосқанда дәмі тіптен тіл үйіреді.

 

 

Еттен жасалған жылы салат

Құрамы:

  • 300 гр. бұзау еті,
  • 160 г. салат жапырағы
  • 120 г. қияр
    1 ас қ. соя тұздығы
    2 ас қ. зәйтүн майы
  • 1 киви
  • 2 түрлі түсті болгар бұрышы
    0,5 шай қ. балзамикалық қышқыл
    дәміне қарай тұз.

Дайындалуы:

  • Әуелі маринаттау үшін етті тазалап, өте жұқалап турап, қара бұрыш, тұз және киви қосып, сарымсақ майына араластырамыз.
  • Сосын етті тоңазытқышқа бір түнге қалыпты температураға қойып қоямыз.
  • Ертесіне салатты жасауға кірісеміз.
  • Ол үшін етті қатты отқа, зәйтүн майына 5-8 минут қуырып, үстіне тағы бір қасық май құямыз. Сосын оны оттан алып, сәл суыту керек.
  • Салатты дайындау үшін салат жапырағын, қияр, болгар бұрынышын орташа етіп турап аламыз.
  • Үстіне қуырғанда бөлінген ет шырынын, балзамикалық қышқылды қосып араластырамыз.
  • Енді тәрелкенің ортасына араласқан салатты әсемдеп салып, екі жағына етті, бетіне туралған чили қызанағын қойып, бетіне соя тұздығын тамызып ұсынамыз.

 

Ыстық табада қуырылған бұзау еті

Құрамы:

  • бұзаудың жұмсақ еті
  • саңырауқұлақ
  • пияз, кілегей тұздығы
  • Гаринирге: 1 кг. картоп, тұз,
  • 150 мл. тазартылған өсімдік майы.

Дайындалуы:

  • Әуелі етті туралған пиязбен бірге қызарғанша қуырып аламыз.
  • Оның үстіне туралған саңырауқұлақты салып, тағы қуырамыз.
  • Оған кілегей тұздығып құйып, піскенше бұқтырып қоямыз.
  • Ал, гаринирін дайындау үшін картопты тазалап, бірдей таяқша етіп турап, салқын сумен жуып аласыз.
  • Кептіріп, қызып тұрған майға қуырасыз.
  • Картопты сүзіп алып, майын сорып алсын деп, қағаз бетіне қоясыз. Осы кезде бетіне тұз сепкен дұрыс.
  • Енді дәмқосарды гарнирдің үстіне құйып, ұсынсаңыз боладысуға жақсылап жуып аламыз.